Кіріспе

 

Қазақстан тарихы –Қазақстан территориясында болған ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы тарихи оқиғаларды, фактілерді, үдірістерді анық түсіндіреді.

Қазақ халқының тарихи толқыны ғасырлар және мыңжылдықтарды қамтиды. Сонымен бірге, дүниежүзілік тарихымен ұштасып жатыр. Адамзат даму заңдылығы тарихи үдіріс болып табылмақ. Тарихи ойдың қалыптасуы жоғарғы орында.

Қазақстан тарихы ғылымын Кеңес одағы кезінде тар шеңберде қарастырды. Барлық фундаменталдық зерттеулер барысында, көптеген нақты істер мен анықтамалар қаралмай қалды. Қазақ қоғамындағы өзіндік ішкі сұрақтар іс тәжірибелік түрде оқытылмады. Зерттеулер барысында Қазақстан тарихы жалпы өркениеттік қозғалыстармен түрік дәуірінде біраз белсенді орын алды. Өте қажетті мәселелердің бірі Қазақстанның Ресей империясының қол астына енуі және сол қатарлы күрделі сұрақтардың туындауы.

Қазақстан тарихы мен халқының шежіресі ХХ ғасыр басына дейін ғылыми түрде негізгі пәндердің бірі ретінде қаралған жоқ және қолданбаған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Қазақстан тарихы кеңестік үкімет кезінде бәрінен де қазақ халқының этникалық құрамы мен көрші мемлекет аралық қатынасын зерттеп ұсынды. Ұлтаралық теңдіктің өсуіне байланысты Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екендігінің айқындала түсуі Қазақстан тарихын зерттеу керектігіне септігін тигізді.

Қазақстан тәуелсіздікке қолы жеткеннен бастап, тарихи ақтандақтар айқындала түсті, әсіресе халықаралық және мемлекеттер мүшесіне иелік еткеннен басталды. Біздің көз қарасымыз бойынша, Қазақстан тарихы этникалық жағдайына, оның тіліне қарамастан, ол жалпы тарих бойынша бүкіл елдің бірігуіне әкеледі.

Бір мезгілде маңызды рөл атқару:

• Азаматтық қоғамдық қозғалыс нәтижесінде, демократиялыққа қол жеткізу;

• Халықтың тарихи ескерткіштерінің жаңғыруы;

• Қазақстан Республикасының егеменділігін қалыптастыруы және нығаюы;

• Қазіргі Қазақстан тарихындағы ұлттық ойдың қалыптасуы, өзіндік бірлігі және келісімі.

• Қазақстандық орта тарихи бірлестігі, азаматтық патриоттығы болып табылады;

Соңғы жылдардың тарихы түсінігінде бірқалыпты өзгеріп келе жатқан шыңдықтың мойындалуы, өткен мен келешекті білудің қажеттілігі пайда болды. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы президентті жаңындағы мемлекеттік саясатты қолдау Ұлттық кеңесі қабылдаған «Қазақстан Республикасы тарихи құрылуының» концепциясында өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Өз тарихынды білмей жаңа саяси көзқарас пен біздің мемлекетіміз азаматтары мәдениетінің дамуы мүмкін емес. Болашақ ұрпақты, соның ішінде студент жастарды тарих ғылымымен сусындатып өсіру, тарихының халық өміріндегі маңызын бағалап, білдіру басты мақсат.

Осы оқу құралдың басты міндеті Қазақстан тарихындағы көптеген материал мен мәліметтерді сараптап, сұрыптап бір бағытқа келтіру. Бұл студент жастарға тарихты толығымен осы курс арқылы оқып білуге үлкен көмек көрсетеді.

Оқу құралы Қазақстан Республикасының системалық және тарихын толық баяндауды қажет етпейді, бірақ авторлар студенттерге:

• Тарихтың, басты оқиғаларды білуге;

• Тарихи ойлауды жетілдіру, өз білімін ой елегінен өткізіп, өз ойын жеткізе білуге;

• Студенттердің ойлау қабілетін арттыруға қажеттілігін тигізеді.