Студенттердің Қарағанды қ. ЖПҚ Орталық ТП ПБ өкілдерімен кездесуі


2019 жылдың 22-23 қазан аралығында ҚарМТУ-дың ЖСД Әлеуметтік дамыту құқық орталығының  ұйымдастыруымен Қарағанды қ. Орталық ТП ЖПҚ қызметкерлерімен (Қарағанды қ. ҚАҚ ЖПҚ Орталық ТП ПБ полиция аға лейтенанты Қауазов Естай Төлегенұлы және полиция майоры Тәттімбетов Амантай Мырзатайұлы) бірге 1 курс ағымында (340 адам) Құқық бұзушылықты алдын алу  тақырыбы төңірегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434, 440, 441 баптары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Студенттер белсенді сұрақтар қойып, оларға нақты және толыққанды жауаптар алды.

 

Без рубрики