Қазақстан Республикасы Президентінің курстастары ҚарМТУ студенттерімен кездесті


2017 жылдың 30 қарашасында ҚР Тұңғыш Президенті күнін қарсаңында  ҚарМТУ-дың конференц-залында Елбасының курстас достары студенттермен кездесті.

Білім ордамыздың үздік те белсенді, ректор стипендиясының иегерлері атанған студенттердің басын қосқан кездесуге Теміртау қаласының құрметті тұрғындары, металлургтар – Виктор Алексеевич Никонов, Ермек Ибраилович Тулеубаев, қазіргі таңда Ресей Федерациясында  тұрып жатқан Елбасының курстасы әрі топ старостасы –  Александр Иванович Вилипп және  ҚарМТУ-дың «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының профессоры Кайрулла Бейсембаевич Кызыров келді.

Жиында университетіміздің бірінші проректоры Аристотель Зейноллаұлы Исағұлов жүргізді.

Өз сөзінде А.З. Исағұлов жиналғандарды алда келе жатқан атаулы мерекемен құттықтап, жиынға келген құрметті азаматтарды жас буынға таныстырып өтті. Одан кейін сөз кезегі университет қонақтарына беріліп, олардың әрқайсысы Елбасымен бірге оқыған жылдарды, студенттік шақтарды еске алып, жақсы әңгіме-сұқбатты бастап кетті. Студент жастар да  кезегі келгенде ақсақалдарға сұрақтар қойып, олардың кәсіби және жеке өмірлерінен мәнді естеліктер тыңдады.

Кездесу аясында Елбасының үзеңгілес достары өздері білім алған білім ордамыздың мұражайларын тамашалады. Сондай-ақ осы жиында құрметті қонақтарға Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің  ескерткіш медальдары табысталды.

Без рубрики