Студенттердің Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдерімен кездесуі


2019 жылы 14 қарашада ҚарМТУ-дың әлеуметтік-құқықтық даму орталығы Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлесе отырып, ЖИТС орталығының мамандарына деген сенім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясына қатысты стигманы жеңу, сондай-ақ жергілікті деңгейде ЖИТС індетіне қарсы тұру мақсатында студенттермен кездесу өткізді (72 адам). Кездесуде АИТВ және ЖИТС ұғымдары, берілу жолдары, алдын алу мәселелері талқыланды.

ЖИТС ОО дәрігер-эпидемиологы А.А. Мәнен студенттерге тегін тексеруден өтуге болатын шаралар туралы толық айтып берді. Сонымен қатар, студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында барлық қатысушыларға АИТВ-инфекциясы туралы ақпараттық брошюралар мен блокноттар таратылды.

 

 

Без рубрики