Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық ойын: «Мен патриотпын» 2018 жылдың 02 мамырында №77 мектеп-балабақша кешенінде өтті. Оған ҚарМТУ БӘД мамандығының студенттері 35 адам, жоғары сынып оқушылары және ОКШДС кадеттері қатысты.
Әскери-патриоттық ойынның мақсаты-студент жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарды, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және оқушылардың ҰОС туралы білімдерін тереңдету арқылы салауатты өмір салтының мәдениетін нығайтуға тарту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру, азаматтық-патриоттық қасиеттерді, серіктестік сезімдерін және өзара көмек көрсету, топта жұмыс істей білу.
Осы іс-шара АӘД студенттеріне сыныптан тыс әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша құзыреттіліктің қалыптасу деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді, ал кадеттер мен оқушылар ҰОС туралы өз білімдерін тереңдетуге, азаматтық борыш, патриотизм, достық туралы ұғымдарға тамаша мүмкіндік алды. Іс-шара кафедраның ПОҚ-ның жоғары ғылыми-практикалық және ұйымдастырушылық деңгейін көрсетті.