2019 жылы 11-12 сәуірде ҚарМТУ-да «Қазақстан-2050 стратегиясын жүзеге асыруға жастар ғылымының үлесі» атты тақырыбында студенттік конференция өткізілген болатын. «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасында №15 «Кәсіпкерлік және маркетинг» секциясының жұмысы жүргізілді. Секция жұмысына 48 студент және 5 кафедра оқытушылары қатысты.
Секция жұмысына қатысу үшін студенттер мен магистранттардан 36 өтініш түсті. Барлығы 22 баяндама тыңдалды: ҚарМТУ студенттерінің 20 баяндамасы және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика, бизнес және құқық колледжі студенттерінің 2 баяндамасы.
Студенттердің баяндамалары негізінен ғылыми-зерттеу сипатында болды. Секция жұмысында Қазақстан Республикасындағы жастар кәсіпкерлігі, әлеуметтік кәсіпкерлік, интернет – маркетинг және жарнама мәселелері мен болашағы талқыланды. Авторлар бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамыту саласында өзектілігі бар тақырыптарды зерттеді. Жұмыста авторлардың дербес зерттеулері болды,жұмыстар ғылыми қызығушылық танытты.
Баяндамаларды талқылауға барлық қатысушылар белсенді қатысты, баяндамалар тақырыптары бойынша бірқатар сұрақтар қойды, оларға баяндамашылар табысты жауап берді. Секция бойынша 6 студенттік жұмыс марапатталды.
Секция отырысына Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ғылым департаментінің бас сарапшысы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Моисеев Валерий Семенович қатысып, бірнеше баяндама тыңдады.