Саран қаласында 7 желтоқсанда «А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінде» VII Облыстық ұлттар мәдениеттерінің студенттік фестивалі болып өтті. Осы фестивальге Қарағанды облысының 15 оқу орындарының студентері қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ, аталған фестивальге ҚарМТУ Инновациялық технологиялық колледжінің 2 және 3 курс студенттері Қаниева Арайлым, Букпанов Рауан мен Камерленова Лейла қатысып, Алғыс хаттар және дипломдармен марапатталды.