Құрметті әріптестер мен білім алушылар!


Біз Сіздерді Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің (Санкт-Петербург қ., Ресей) базасындағы халықаралық жазғы мектептке қатысуға шақыруға қуаныштымыз.

2023 жылдың жазында Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университетінің базасында сәулет бойынша 2 жазғы мектеп өтеді:

1) «Ecocamp – экотуризм кешендерінің архитектурасы» СПбМСҚУ халықаралық жазғы мектебі

Жазғы мектеп күні: 2023 жылғы 3-14 шілде

Сипаттама: ECOCAMP жазғы мектебі аясында студенттер экологиялық архитектураның инженерлік және архитектуралық ерекшеліктерін, сондай-ақ барлық маусымдық туристік кешенді жобалау принциптерін зерттейді. Бағдарламаның екінші бөлігінде студенттер экологиялық туристік кешеннің, тұрғын үй туристік модулінің және қоршаған ортаны жобалаудың архитектуралық жобаларын әзірлейді. Курстың соңында студенттер нәтижелерін сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстелде көрсетеді.

Сайт: https://new.spbgasu.ru/summerschools/ecocamp-school/

Тіркеу: https://forms.yandex.ru/u/6388a0e4068ff00a01708653/

Құны: 15.000 рубль (Санкт-Петербургтегі жатақханада оқыту мен орналастыруды қамтиды)

2) СПбМСҚУ халықаралық жазғы мектебі «Санкт-Петербургтегі қоғамдық кеңістігін қайта жаңарту (сәулеттік эскизден бастап 3D модельге дейін»)

Жазғы мектеп күні: 2023 жылғы 17-28 шілде

Сипаттама: Жазғы мектеп қатысушылары Солтүстік астананың сәулеті, қаланың сәулеттік стильдерінің қалыптасу тарихы, композиция мен скетч негіздері туралы біледі. Өздерінің графикалық суреттемелерін жасайды. Әрі қарай қатысушылар Санкт-Петербургтің қоғамдық кеңістігін қайта жаңартудың жеке жобаларын әзірлейді және оларды кәсіби қазылар алқасының бағалауына ұсынады.

Сайт: https://new.spbgasu.ru/summerschools/urban-planning-school/

Тіркеу: https://forms.yandex.ru/u/638d96a250569074508c65b0/

Құны: 15.000 рубль (Санкт-Петербургтегі жатақханада оқыту мен орналастыруды қамтиды)

Барлық жазғы мектептерді өткізу тілі: орыс/ағылшын тілі.

Оқытушылар үшін білім алушыларды сүйемелдеу үшін СПбМСҚУ қонақ үйінде тегін орын беріледі.

Без рубрики