Стратегиялық даму және серіктестік бөлімі


Интернационалдандыру және стратегиялық даму  басқармасы (ИжСД) А.Сағынов атындағы ҚарТУ құрылымдық бөлімі, Стратегиялық даму департаментінің құрамына енеді.

Интернационалдандыру және стратегиялық даму  басқармасының негізгі мақсаты университеттің дамуын зерделеу және талдау, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беруді дамыту саясатына және басқа да жоғары білім беру стратегияларына, сонымен қатар ұлттық компаниялар мен халықаралық ұйымдар және университеттер мен кәсіпорындармен стратегиялық серіктестікті кеңейту.

Негізгі қызметі:

  • университеттің стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін үйлестіру;
  • білім беру, ғылыми-зерттеу және инновация саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына мониторинг жүргізу;
  • университеттің стратегиялық жобаларының портфолиосын қалыптастыру;
  • стратегиялық жоспарлау процесін, оның ішінде құрылымдық бөлімшелер мен іс-шаралар деңгейінде ұйымдастыру;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелері университеттің даму стратегиясына сәйкестігі бойынша жасалған стратегиялық бастамаларды талдау;
  • университеттің ұзақ мерзімді қызметіне болжам жасау;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелерінің даму бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын қалыптастыруға консультативтік-әдістемелік қолдау көрсету;
  • стратегиялық жоспарлау процестерін ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету;
  • университетті дамыту стратегиясының негізгі бағыттарын үйлестіру және бақылау;
  • университеттің стратегиялық даму жоспарындағы мақсаттардың, міндеттердің және бағытталған индикаторлардың университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылуын талдау;
  • Қазақстан Республикасының және басқа да шетел мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын талдау және жоғары басшылыққа университеттің білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу.
Без рубрики