Университеттің Ыстыққа төзімді материалдар орталығы Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғыртуға лайықты үлес қосуда


Ыстыққа төзімді материалдар орталығы 2017 жылы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қолдауымен «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының базасында құрылды.

Қазақстан үшін ыстыққа төзімді материалдар саласындағы зерттеулер мәселесінің стратегиялық маңызы бар. Өзінің ыстыққа төзімді тиімді материалдарын жасау және олардың негізінде өнім алу технологияларын дамыту ұлттық индустрияның авиақұрылыс, энергетика, ғарыш өнеркәсібі, мұнай-газ секторының жабдығы сияқты салаларында импортты алмастыруды қамтамасыз ете алады.

Ыстыққа төзімді материалдар орталығының ғалымдары осы саладағы Cirimat Поля Сабатье Университеті және Лотарингия университетінің Ecole de Mines университеті (Франция), Берлин техникалық университеті (Германия), «Росатом» атом энергетикасы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы, ҰЗТУ «МБжҚИ», Ұлы Петр СППУ ҒЗУ, ИрҰҒЗТУ (Ресей), сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің басқа да өнеркәсіптік компанияларымен тығыз ынтымақтастықта.

Әлемдік деңгейде жабдықталған университеттік Ыстыққа төзімді материалдар орталығының базасындағы көптеген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижесінде ғалымдарымыз матрицаға темірді молибден, ниобий, ванадий және бор сияқты қоспалаушы элементтердің теңдестірілген құрамын қосу арқылы никель немесе кобальт негізіндегі қолданыстағы қорытпалардың өзіндік құнын (25%-ға дейін) айтарлықтай төмендетуге қол жеткізді. Құю кезінде металл шығынын азайту үшін университет ғалымдары газдандырылған модельдер бойынша жетілдірілген құю технологиясы қолданылды, бұл күрделі пішін мен жоғары сапалы бөлшектерді құюға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғалымдары жаңа қорытпа алды, ол қазіргі уақытта қолданылатын болаттарға қарағанда 30-40%-ға жоғары ыстыққа төзімді қасиеттерге ие. Сонымен қатар, бөлшектерді жиі ауыстырумен байланысты оның тоқтап қалуын азайту арқылы жоғары температура жағдайында жұмыс істейтін өнеркәсіптік жабдықтың өнімділігі артты. Жаңа қорытпаның құрамына да, одан бөлшектерді өндіру технологиясына да ондаған қазақстандық қана емес, сонымен қатар Еуразиялық патенттер алынғаны кездейсоқ емес.

Университеттік Ыстыққа төзімді материалдар орталығының одан әрі дамуы осы саладағы ұлттық металлтану мектебінің қалыптасуына, біздің елімізде жоғары қоспаланған болаттар өндірісінің дамуына ықпал ететін болады. Болашақта бұл Қазақстанға мұнай-газ секторы, энергетика және металлургия үшін бұйымдардың кең номенклатурасының өз өндірісін жолға қоюға, осы салалардағы импорт көлемін қысқартуға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін елеулі арттыруға мүмкіндік береді.

Без рубрики