Университетке Әбілқас Сағыновтың есімі берілді


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен «Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Әбілқас Сағыновтың есімі берілді.

Университеттің жаңа мәртебесі-оны құрушы, Социалистік Еңбек Ері, академик А. С. Сағыновтың Қазақстанның жоғары білімін, ғылымы мен индустриясын дамытудағы еңбегінің мойындалуы, сондай-ақ жоғары оқу орнының барлық білім алушылары, қызметкерлері мен түлектері үшін зор абырой, мақтаныш пен жауапкершілік.

Осы маңызды оқиғамен ЖОО-ның сан мыңдаған оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, магистранттары, докторанттары мен түлектерін құттықтаймыз!

Без рубрики