28.02.2017 ж. ҚарМТУ студенттері «Жастар Әлемі» Жастар сарайында Қарағанды облысы НКБ ІІД аға инспекторы Корниенко Кирилл Александрович және облыстық наркологиялық диспансердің нарколог дәрігері Бейсекеева Әсел Берікқызымен кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – нашақорлықтың алдың алу және заңсыз есірткі таратпау.
Кездесу аясында студенттерге нашақорлықтың зияны және есірткіні таратудағы заңсыз әрекеттің заңмен қаралатыны туралы ақпарат берілді. Ақпаратты пысықтау мақсатында нашақорлықтан азап шекуші адамдар туралы бейнебаян көрсетілді.
Сондай-ақ, қонақтар мен студенттерге ҚарМТУ шығармашылық үйірме қатысушылары өз өнерлерін көрсетті.