Университет оқытушылары мен студенттері «Асыл Ана 2020» қоғамдық қорымен қайырымдылық акциясын өткізді


Көп балалы аналарға қатысты бірқатар мәселелер мен проблемаларды шешу үшін 2020 жылғы 4 қарашада «Асыл-Ана 2020» қоғамдық қоры құрылды, оның міндеті көп балалы отбасыларға, оның ішінде аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету болып табылады.

Қордың қызметі ақпараттық, заңдық, психологиялық және материалдық көмекті (заттар, киім-кешек, азық-түлік, тұрғын үй мәселелерін шешу түрінде) қамтиды. Сондай-ақ, ол ЕGOV, INDIGO, MALAHIT сайттары ұсынатын қызметтерді пайдалануға, оқу мен жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, мастер-кластар өткізеді, жеке бизнесін дамытуға мемлекеттік грант алу кезінде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының оқытушылары жылына кемінде екі рет қормен бірлескен қайырымдылық акцияларын өткізеді. Биыл олардың бірі Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылды.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін азық-түлік жиынтықтары мен гигиена құралдары дайындалды және берілді. Акцияға кафедра меңгерушісі Коккоз М.М., кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты. Мерейлі дәстүрге айналған қайырымдылық акциясына барлығы 100-ден астам адам қатысты.

Без рубрики