Университет магистранты «Болашаққа көзқарас — 2022» Еуразиялық патенттік универсиадасының қорытындысы бойынша 2-орынға ие болды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің магистранты А. Жанарбек (ХТОВМ-21-1 тобы) «Болашаққа көзқарас – 2022» жастар Еуразиялық патенттік универсиадасында «Жер біздің ортақ үйіміз: қазіргі заманғы экологиялық проблемалардың техникалық шешімдері» бағыты бойынша 2-орын алды.

«Жаса! Ойлап шығар! Таң қалдыр» ұранымен «онлайн» режимінде өткізілген Универсиадада Еуразиялық патенттік конвенцияға 8 қатысушы елден 120-дан астам жас өнертапқыш қатысты.

ХТОВМ-21-1 тобының магистранты А. Жанарбекті және оның ғылыми жетекшісі, ХжәнеХТ кафедрасының профессоры Б.И. Төлеуовты жүлделі орын алғаны үшін құттықтаймыз және жаңа шығармашылық идеялар мен жоғары жетістіктер тілейміз!

Без рубрики