Университет ауыл мектебінің кітапханасына кітаптар сыйлады


Қарағанды техникалық университеті ауылдық мектеп кітапханаларын қолдау жөніндегі жалпыреспубликалық акция аясында Бұқар Жырау ауданы, Байқадам ауылындағы мектеп кітапханасына Университет кітапханасы қорынан 115 дана кітапты, оның ішінде белгілі жазушылар мен публицистердің танымал шығармаларын, қазақ және орыс тілдеріндегі поэтикалық жинақтарды сыйға тартты.

Акция Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Без рубрики