Мықты студенттік байланыстар


2022 жылдың 23 маусымында Қазіргі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Политех» түлектерінің кездесуі өтті. 1972 жылы олар әуелде автомеханика, кейін көлік-жол деп өзгертілген факультетке оқуға түседі. Түлектер университеттің негізін қалаушы – Социалистік Еңбек Ері, академик Әбілқас Сағыновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Содан соң курстастар университет мұражайына барып, пікір кітабына алғыс жазбаларын қалдырды.

Осыдан кейін, конференц-залда түлектермен Басқарма Төрағасы-ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор М.К. Ибатовпен жылы және еркін атмосферада кездесу өтті. Кезінде Марат Кеңесұлын көлік-жол факультетінің үздік студенті ретінде, ҚарПТИ-дің ректоры академик Ә.С. Сағынов Мәскеу автомобиль-жол институтына оқуға жіберген, ол оны үздік бітірді, бұл оны ұқсас мамандықтар алған түлектермен етене жақындастырды.

Кездесу модераторы міндетін өзіне алған Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы қатысып отырған барлық түлектерді таныстырды, олардың басым бөлігі Нұрсұлтан, Петропавл, Қостанай, Ақтау, Сәтпаев, Жәйремнен келді. Көптеген түлектер ірі автокөлік кәсіпорындарының басшыларына, мемлекет қайраткерлеріне дейін өсті. Ақтаудан келген Иманов Мақсат Жәлешұлы 47 жыл таксопарктың директоры болып жұмыс істеді. Тілеш Әубәкірұлы Әубакіров Қарағанды қаласының «Таксокомбинатында» 40 жылдан астам бір кәсіпорында директордың орынбасары қызметін атқарды. Кездесу модераторының өзі көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте табысты жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда – білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық жобаны басқарады. ЖОО-ның осындай түлектермен мақтануға барлық негіз бар.

Өз кезегінде Марат Кеңесұлы бұрынғы түлектерді университеттің бүгінгі өмірімен таныстырды. ЖОО-ны Қарағанды «Политехының» ізгі дәстүрлерін жалғастыруда екенін атап өтті. Ағымдағы жылы ол университеттердің ең беделді әлемдік рейтингтерінің бірі – QS WUR ТОП 651-700-ге кірді. Оның артында университет ұжымының жүйелі және жемісті жұмысы тұр. Дегенмен, университет жұмысының нәтижелілігінің ең айқын дәлелі — оның түлектеріне сұраныстың артуы.

Түлектер туған жоғары оқу орнына келе тұрып, туған кафедрасына бас сұқпай кете ме? Рас, қазір ол өз атауын өзгертті, бірақ университеттің өзі де танымастай болып өзгерді. Жөнделген бөлмелер, заманауи жабдықтар – студенттер мен оқытушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Университет кампусын абаттандыру ерекше таң қалдырды.

Біздің түлектер өздерінің ұстаздары – профессорлар Т.С. Ынтықовпен және Ж.А.Әлиевпен зор қуанышпен кездесті.

Түлектер alma mater-мен мұңайып қоштасты. Енді қайтып келе ала ма – оны айту қиын. Бірақ олар өздерінің туған университеттерінің толыққанды өмір сүріп, гүлденіп келе жатқанына қуанды. Олардың әрқайсысы осында оқып, жоғары білікті мамандарды дайындайтын оқу орнының имиджін қалыптастыруға өз үлестерін қосқанына мақтана алады.

Без рубрики