Толеубаева Шамшыгайын Болаткызының докторлық диссертация қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-нда PhD философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін Толеубаева Шамшыгайын Болаткызының  6D073000 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларын өндіру»  мамандығы бойынша «Бетонның құрылыстық-қолданыс қасиеттеріне техногенді қалдықпен түрлендірілген қоспалардың әсерін зерттеу»  тақырыбында докторлық диссертациясы қорғалады.

Қорғау қазақ тілінде өтеді.

Диссертациялық жұмыс «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

  1. Ахметжанов Талгат Бураевич – техника ғылымдарының кандидаты, PhD, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының доцент м.а. (Қарағанды қаласы);
  2. Славчева Галина Станиславовна – техника ғылымдарының докторы, Воронеж мемлекеттік техникалық университетінің «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының технологиясы» кафедрасының профессоры (Ресей Федерациясы).

Кеңестің уақытша құрамы:

  1. Байджанов Джумагельды Омарович — техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры (Қарағанды қаласы);
  2. Копжасаров Бахадыр Тастанбекович – техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университетінің «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының доценті (Шымкент қаласы).
  3. Сактаганова Наргуль Амановна – PhD докторы, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» КеАҚ-ның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы (Қызылорла қаласы).

Сын пікір берушілер:

  1. Сартаев Даулет Турысович – техника ғылымдарының кандидаты, «Сейсмология институты» ЖШС, Ғимараттар және имараттардың сейсмотұрақтылығы зертханаларының аға ғылыми қызметкері (Алматы қаласы);
  2. Куатбаева Тогжан Куангалиевна – техника ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Т.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының «Құрылыс және құрылыс материалдары» кафедрасының профессоры (Алматы қаласы).

Қорғау 2022 жылы 01 шілде, сағат 10.00-де «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-ның диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 100027, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 56, бас корпус, ауд 200в. Қорғау отырысы аралас-режимде Zoom-платформасында (конференцияның идентификациялық номері 509 339 2523, кіру коды 1953) өткізіледі.

Сайт адресі: www.kstu.kz,  e-mail: shamshygaiyn@mail.ru

Без рубрики