2017 жылы 30 мамыры күні Қарағанды қаласы «Достық үйі» ғимаратының конференц-залында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Өткенді ұмытпау – болашаққа парыз» – «Память во имя будущего» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Өткен ғасырдың 30-жылдары Кеңес Одағында зиялы азаматтарға «халық жауы» деген айып тағылып, жаппай қуғын-сүргін, қудалау орын алды. Сол кезеңде КСРО территориясының көптеген жерлерінде 953 лагер мен тұтқындарды ұстау үшін қоныстар тұрғызылды. Тоталитарлық жүйенің құрбанына айналған мыңдаған адам абақтыға қамалып, қаншамасы жазықсыздан жазықсыз атылып кетті. Қазақстанға сол жылдары 1 миллион 500 тұтқын жеткізіліп, лагерь қабырғаларында қинау мен азаптау салдарынан қаза болды. Қазақ зиялыларының бетке ұстар өкілдерінің, республика басшылығының түгелге жуығы жойылды. Сондықтан 31 мамыр Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні ретінде атап өтіледі.
Аталмыш басқосудың мақсаты – жалпыұлттық тарихи сана-сезімді қалыптастырып, көптеген қиындықты бастан өткерген халықтың бірлігін нығайту, азаматтық қоғам және зайырлы мемлекет құру жолында мұндай қасірет қайталанбас үшін оны болашаққа үлгі ету болып табылады.
Семинарды университетіміздің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Асем Серікқызы Сағатова жүргізді. Сондай-ақ іс-шараға Қарағанды облысының ЖОО-ның ғалымдары және этномәдени орталықтарының мүшелері қатысты.