Тілдік дайындау пәндері циклдық әдістемелік кеңес (ТДП ЦӘК). Бүгінгі күнде көп тілді меңгертіп, оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Соның бірі – білім берудің жаңа техникалық негізі болып саналатын кәсіби біліктілікті жетілдіру, кәсіби бағдарда сапалы оқыту әдістерін барынша тиімді пайдалану өзекті мәселелер қатарына айналып отыр. Яғни, кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдерінің негізгі ұстанымдарының бірі – оқу бітіріп, қызметке орналасатын әрбір тұлғаның үш тілді жақсы меңгеруі. Осы бағыттың негізінде 2007-2008 оқу жылынан бастап «Тілдерді даярлау пәндері» кафедрасы жұмыс істейді. 2011-2012 оқу жылында кафедра құрамында 21 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 7-і жоғары санатты, 2-і бірінші санатты, 4-і екінші санатты, 7 жас маман оқытушылар. ТДП ЦӘК-ның төрайымы жоғары санатты оқытушы Смағұлова Нұрбибі Абсадыққызы. ТДП ЦӘК оқытушылары келесі пәндер бойынша дәріс береді: «Қазақ тілі», «Кәсіби қазақ тілі», « Қазақ әдебиеті», «Мемлекеттік тілде іс жүргізу», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Кәсіби орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Кәсіби ағылшын тілі». Тіл үйретуде оқушылардың дара ерекшелігін ескеру негізгі рөл атқарады. Оқытушы әр оқушының қабілетін, тілге деген көзқарасын айқындайды. Осы пәндерді оқу барысында алынған білімі, Технологиялық колледждің түлектеріне болашақ мамандықтарына сай сөздік қорын молайтып, мамандығына сай сұхбаттасып, құжаттарды дұрыс толтыруға мүмкіндік береді. ТДП ЦӘК оқытушылары белсенді түрде ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысады, облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардан жүлделі орындарға ие болды. Технологиялық колледждің оқытушылары оқушылардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді.