ТИІМДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


ЖОО ректоры Сәуле Сағынтаева бастаған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің делегациясы «Maker» ЖШС — Қарағанды құю-машина жасау зауытында болды. Кәсіпорын басшысы – университетіміздің түлегі Жанибек Байгабелов.

Диалог аясында кәсіпорын бойынша экскурсия өтті. Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ өкілдері Қарағанды құю-машина жасау зауытының құрылымымен және қызметімен танысты.

Сонымен қатар, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ мен «Maker» ЖШС арасындағы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған машина жасау мамандықтары бойынша олимпиадалар өткізуді ұйымдастыруға; курстық және дипломдық жұмыстарды, магистрлік және докторлық диссертацияларды орындауға; кәсіпорыннан жетекші мамандарды оқу процесіне және жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарына тарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен перспективаларын және басқа мәселелерді қарастырды.

Без рубрики