TERSID


 Өнеркәсіптік дамуға бағытталған ресурстарды сақтау бойынша TERSID техникалық білімі

TERSID – Өзбекістан мен Қазақстанның қатысуымен табиғи ресурстарды сақтау бойынша (шикізат, қазба жанармай, су) қазіргі және тиімді технологияларды енгізу арқылы техникалық пәндердің саласында кейбір оқу бағдарламаларына бағытталған ақаба су, қатты қалдықтар мен ауа ластаушылардың әсерін алдын алу және азайтуға арналған аймақтық жоба. Жобаға ғылыми топтардан, өнеркәсіп, ұлттық басқару органдар мен үкіметтік емес ұйымдардан серіктес қатысады. Жобаның оқыту компоненті академиялық және кәсіби, екі әр түрлі деңгейлерде топталған.

Жобаның сәйкес нәтижесімен мақсаты (жақша ішінде) 

— Орталық Азия мемлекеттерінде жоғары білім беруде еуропалық стандарттарды тарату (сынақ кредит-бірліктердің аймақтық жүйелерін енгізу)

-Ресурстарды сақтау, ластануды бақылау және сақтандыру бойынша жаңартылған жалпы модульдерді қолданып, академиялық серіктестердің арасында білім байланысын құру және дамыту (модульдерді анықтау)

-Қазақстан және Өзбекістанда  өнеркәсіптік және кәсіби қажеттіліктерге жауап беретін бағдарлама құру бойынша серіктестердің арасында қызметтестікті дамыту (бағдарламаларды анықтау)

Сәйкес нәтижелері бар өзгеше мақсаттар

1. Жергілікті серіктестердің тәжірибесін жән еуропалық серіктестердің оқу бағдарламаларын қолданумен өнеркәсіптік технологиялар саласында Магистерлік курстарды жаңарту.

2. Өнеркәсіптік даму саласындағы қажеттіліктерге байланысты өнеркәсіптің белсенді мамандары мен жұмыскерлеріне үздіксіз оқыту курстарын (LLL) ұйымдастыру.

3.Тікелей және практикалық тәжірибе табыстау үшін өнеркәсіптік саласындағы серіктестермен қызметтестікте іс-шараларды іске асыру және студенттерге өнеркәсіптік практиканы ұйымдастыру.

4. Ташкент қаласындағы Турин политехникалық университетінде  ресурстарды сақтау бойынша құрылған Білім Платформасында инженерлерді дайындау және қайта дайындау.

 Жоба орындау мерзімі 

15 қазан, 2011  — 14 қаңтар, 2013

Еуропадағы жоба үйлестірушісі — Турин политехникалық университеті (Италия)  ЖОО сайтына сілтеме (httpwww.polito.it)


Без рубрики