Теорияны практикамен бекіту


«Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының студенттері оқу практикасы кезінде кафедраның аға оқытушысы Исина Б.М. және ассистенті Альжанова А.К. басшылығымен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің Қарағанды жүк ​​тиеу-көлік басқармасына барды.

Экскурсия барысында студенттер станцияның, локомотив депосының, диспетчер бөлменің жұмысымен, сондай-ақ вагон таразылары мен вагонаударғыштың жұмыс істеу процесімен танысты.

Студенттер үшін экскурсияны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД ҚЖТКБ пайдалану және жүктерді өңдеу қызметінің бастығы – Румянцев Д.А. өткізді.

Без рубрики