2023 жылдың 1 сәуірінде жылдағы дәстүр бойынша «Серпін-2050» ОО-ның ұйымдастыруымен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «Серпін-2050» әлеуметтік бағдарламасы аясында оқуға түскен 1-курс студенттері Теміртау қаласында орналасқан «Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына» барды. Ол жерде Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының қызметкері, экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің басшысы Оразымбетов Құрманшәді Ынтықбайұлы орталығына орналасқан жәдігерлер туралы толық мағлұмат беріп, Теміртау қаласының құрылуы мен металлургия саласында жеткен жетістіктері, Елбасының осы қалада басталған еңбек жолы туралы кеңінен әңгімелеп берді.