22.02.2019ж. тау-кен факультетінің КА және ЕҚ кафедрасының БЖД-18с тобының 2 корпус 517 аудиториясында шеберлік сабағы өтті.
Топ кураторы Сыздыкбаева Д.С. шебер сағаттың тақырыбын және мақсатын атап өтті. Шебер сағатқа барлық студенттер қатысты. Студенттер 1-наурыз алғыс айту күнінің тарихи және ресми деректерине токталып, тақырыптың негізгі мақсаттарын, маңыздылығын слайд-презентацияда көрсетіп және баяндама жасады. Содан сон үш топ «Ризашылық», «Алғыс», «Ұландар» тобы өздеріне берген тапсырмаларын орындап таныстырып шықты. Үй тапсырмасы барысында «Көп балалы отбасына» жасаған қайрымдылықтарын видео-слайд арқылы тамашаладық. Тақырыпты бекіту бойынша әр бір сұрақтарға жауап беріп өз ойларын толықтырып кетті. Соңында аналарына алғыс білдірген топтын видео – слайдын көрдік. Әр бір топка алғыс білдіріп сабакты қорытындыладық.
Шебер сағатына Тунгышбаева А. Т. тау-кен факультеті тәрбиелік жұмыс бойынша деканның орынбасары, ақсақалдар кеңесінің мүшесі Шарипов Н.Х., Ботабек Альмагуль Ануарбековна патриоттық тәрбие беру әдіскері қатысты.
Шебер сағатының аяғында Ботабек Альмагуль Ануарбековна патриоттық тәрбие беру әдіскері және Тунгышбаева А. Т. тау-кен факультеті тәрбиелік жұмыс бойынша деканның орынбасары студенттер мен топ кураторы дайындаған шебер сағатының сәтті өткенін атап өтіп, құттықтау және ескертпелер айтты.