Куратор сағатының тақырыбы: «Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар»


Өтетін күні, уақыты, орны: 12.04.2019 ж. сағат 17:00 ауд: 430 бас корпус

 

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Куратор сағатының нәтижесінде студенттер рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін біледі.

Қолданылатын әдістер: Модерация әдісі. Топтық әдіс. Тақырыптық сергіту ойыны.

Құрылғылар: компьютер, проектор, мультимедиялық колонкалар.

Қатысушылар: ВТ-18-1 тобының студенттері.

Кураторлық сағаттың барысы 

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі (15 мин)

Нұрлан: Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер!

Арина: » Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Нұрлан:

Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен Биік тау, орман, тоғай, көлімізді. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.

Арина: Өз Отаныңның, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халықтың тәуелсіздік алғалы бері жүріп өткен жолдарын еске түсірейік.

Нұрлан: 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

Арина: 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Нұрлан: 1993 жыл 28 қаңтар  — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Арина: 1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

Нұрлан: 1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

Арина: 1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

Нұрлан: Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы назарбаев қазақстан халқына  жолдау  жолдап  келеді.  2017  жылғы  31  қаңтардағы  жолдауы

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік».

Арина: Осы жолдау аясында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы жарық көрді.

Нұрлан: Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары студенттер арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала кіріспе, екі бөлім және қорытындыдан тұрады.

  1. бөлім, 21-ші ғасырдағы ұлттық сана туралы.
  2. бөлім, таяу жылдардағы міндеттер

Тақырып бойынша видео жүргізіледі (1 мин).

 

  • негізгі кезең: Студеттер тобы екіге бөлінеді (2 мин)

Арина: Куратор сағатымыздың 2-ші кезеңі студенттер екі топқа бөлінеді: пазл түрінде берілген екі сурет қиылған, сол суреттерден мозайка құрастыру арқылы топқа бөлінеді.

1.Таныстыру конкурсы (Салуға 5-7 мин)

Әр топ А3 қағазда «Рухани жаңғыру» туралы ойлағанда не елестейтінін салу керек. (Түсті қарындаштар, фломастерлер беріледі)

Әр топ өз суретін көрсетіп, жұмыстарын қорғайды (3 минуттан әр топқа беріледі )

2. «Латын әліпбиін танисыз ба?» атты сайыс (3 мин)

Әр топтан бір бала шығып, диктант ретінде латын әліпбиінде 10 сөз жазу керек

3.Тезистік жоспар құру (5 мин)

Бір топ «Жүз жаңа есім» тізіміне кіру үшін не істеу керек қысқа тезистік жоспар құру керек.

Екінші топ «Жүз жаңа оқулық» бағдарлама бойынша идеал жоғарғы курс оқулығына не кіру керек бойынша тезистік жоспар құру керек.

  1. Аяқталмаған сөйлем (Студенттер өз ойларын қорытады.)

«Рухани жаңғыру — ……..» (3-4 мин)

«Рухани жаңғыру — дәуір талабына сай жаңғыру»

«Рухани жаңғыру — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу»

«Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі»

«Рухани жаңғыру – ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту»

  • қорытындылау кезеңі (3-5 мин): студенттер Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар атты мақаланың негізгі бағыттарын атап өтеді.

Темірлан: 1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2- студент: 2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3-   студент: 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4-   студент: 4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5-      студент: 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6-студент: 6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Нұрлан: Жұбан Молдағалиевтің келесі өлең шумағы ойыма келіп тұр:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген Жөргегімде таныстым мұң тілімен Жылағанда жүрегім күн тұтылып Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған.

«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.

Арина: «Қaзaқстaн-2050» – Мәңгілік Елге бaстaйтын ең aбырoйлы, ең мәртебелі жoл. Oсы жoлдaн aйнымaйық, қaдірлі хaлқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі бoлсын!

Нұрлан, Арина: Дaмуымыз жедел, келешегіміз кемел бoлсын! Жaрқын іспен күллі әлемді тaң қылып, Жaсaй берсін Елдігіміз Мәңгілік!

Қорытынды Марапаттау сәті:

Куратор сағатының соңында әділ қазылар алқасы топтарға арнайы мадақтама грамотасын ұсынады.

Без рубрики