Технологияларды коммерцияландырудың мақсаттары мен міндеттері:
- Технологияларды коммерцияландыру жобаларын іріктеу және бағалау жүргізу;
- коммерцияландыруға арналған технологиялар портфелін, сондай-ақ нарықта сұранысқа ие ғылыми әзірлемелерге тапсырыстар портфелін құру;
- инновациялық ғылыми-зерттеу әзірлемелерін қорғау, бағалау, сақтандыру, отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға ілгерілетуге жәрдемдесу, технологиялар трансферті, лицензиялық келісімдерді дайындау;
- ғалымдардың әзірлемелерін отандық және шетелдік патенттеуге жәрдемдесу;
- маркетингтік зерттеулер жүргізу, бизнес-жоспарлар әзірлеу, тренингтік, коучингтік және консультациялық қызмет;
- инновациялық технологияларды көшіру, қарыз алу және дамыту, оларды коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
- ҒЗТКЖ нәтижелеріне сараптама жүргізу және коммерцияландыру үшін перспективалы әзірлемелерді анықтау;
- университетте бар Зияткерлік меншікті бағалау;
- маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- инвестициялар тарту мақсатында ұлттық және халықаралық деңгейде бизнеспен серіктестік қатынастарды кеңейту, бәсекеге қабілетті зияткерлік меншік өнімдерін құру және коммерцияландыру.