Техникалық ЖОО түлектеріне «Ғылыми-техникалық аудармашы» біліктілігі берілген куәліктер тапсырылды


«Шет тілдері» кафедрасында мәдениетаралық, іскерлік, кәсіби-техникалық коммуникация дағдыларын дамытқысы келетін студенттер үшін «Ғылыми-техникалық аударма» қосымша білім беру бағдарламасы іске асырылуда.

Толық курстан (3,5 г.) өткеннен кейін болашақ маман техникалық бағыттар бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқи алады, шетелдік сарапшылар өткізетін тренингтер мен семинарларға қатыса алады, халықаралық компанияларда әңгімелесуде өзін сенімді сезіне алады, сондай-ақ өзінің дипломдық жобасын ағылшын тілінде сәтті қорғай алады.

2022 жылдың 1 шілдесінде ағылшын тілінде дипломдық жұмыстарын сәтті қорғаған 11 студентке «Ғылыми-техникалық аудармашы» біліктілігі берілген аударма біліктілігін растайтын құжат-куәлік салтанатты түрде табыс етілді. «Ғылыми-техникалық аударма» курсының барлық түлектері өздерінің дипломдық жобаларын қорғауда жоғары балл алды, бұл алған білімдерінің өзектілігі мен тиімділігін тағы да растайды.

Кәсіби-техникалық ағылшын тілін меңгеру – болашақ инженердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды компоненттердің бірі. «Шет тілдері» кафедрасы техникалық ғылымдар саласында көптілді мамандарды қалыптастыруға өз үлесін қосуды көздеп отыр.

Без рубрики