Эн Си Продакшин Оперейшэнс Компании Би.Ви. (NCPOC) компаниясы «КМГ Кашаган Б.В.» және «Шелл Казахстан Девелопмент Б.В.» ортақ кәсіпорны болып табылады. NCPOC Қашаған кен орнында көмірсутек өндіруге жауапты. NCPOC жүзеге асырылатын жұмыс көлемі аяқталған өндірістік және кәсіптік объектілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсету, СРСПК шеңберінде консорциум агенттерін қосымша қызметтермен қамтамасыз етуді де қосады.
Біз Техника мамандықтарының жас мамандарын жұмысқа орналастыру бағдарламасы ашылуы туралы хабарлауға қуаныштымыз:
- Тар бейінді инженерлер (Discipline Engineering)
- Жоба қолдау бойынша мамандар (Project Services)
- IT-мамандары
Бағдарламаға келесі шарттарға сәйкес келетін Қазақстан азаматтары қатыса алады:
- Университет бітірген соң 5 жылдан аспау;
- Жоғарыда көрсетілген техникалық бейінге сәйкес келетін жоғары білім (Бакалавр немесе Мастер дипломы)
- Ағылшын тілін ауызекі және жазбаша жетік меңгеру (ең аз дегенде upper-intermediate деңгейі)
- GPA бойынша ең аз қойылатын шарт 3.0 немесе 80%-дан көп (жоғары GPA ең қолайлы)
- Жұмыс тәжірибесінің болуы қолайлы, бірақ 5 жылдан артық болмау керек
- Атырау немесе Маңғыстау облыстарында тұру немесе тұруға дайындықтың болуы
Осы шарттарға сәйкес келетін талапкерлер біздің ресми вебсайт арқылы http://www.ncpoc.kz, «Vacancies» бөлімі, «Business Administration» бөлімің және «Graduate Recruitment» бөлімінен бір бос жұмыс орнын таңдау арқылы өз сұраныстарын бере алады.
Іріктеу үрдісі 2013 ж., сәуір-маусым айларында сұраныстарын және түйіндемені жоғарыда айтылған әдіс арқылы жіберген талапкерлер арасында ғана өтеді.