Technische Hochschule Georg Agricola (Германия) студенттері Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың базасында жазғы мектептен өтті


16-26 мамыр аралығында «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы Абылқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың ректоры М.К. Ибатовтың және тәрбие жөніндегі проректор А.Қ. Калыковтың қолдауымен «Жазғы мектеп» өткізді, оған Technische Hochschule Georg Agricola (Германия) студенттері қатысты.

Біздің жоғары оқу орындары арасындағы ғылым және білім саласындағы іскерлік және достық қарым-қатынастар 2022 жылдан бастап жолға қойылған. Ал «Жазғы мектеп» оларды нығайтуға және дамытуға тамаша мүмкіндік береді. Жаңа білім беру тәжірибесін алуға, еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерімен танысуға, өз құрдастарымен тілдесуге мүмкіндік береді. Соның ішінде, профессор Фрэнк Отто мен PhD докторы Алекс Рудектің жетекшілігімен DAAD (German Academic Exchange Service) халықаралық білім беру бағдарламасы бойынша бізге келген 10 адамнан тұратын студенттер тобын ерекше қызықтырған тау-кен өнеркәсібіндегі өзекті мәселелерді талқылау болды.

«Жазғы мектеп» аясында шетелдік қонақтар биыл өзінің 70 жылдығын атап өтетін университетімізбен, «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасымен танысты, университет мұражайын, геологиялық мұражайды, метан энергетикасы зертханасын, «Тау-кен саласындағы перспективалы технологиялар» орталығын, тау-кен және көлік жабдықтарының оқу полигондарын, Business Skills Park-ті, сондай-ақ сәулет жобаларының көрмесін аралады.

«Жазғы мектеп» бағдарламасы бойынша «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» және «Кеніш аэрология және еңбекті қорғау» кафедраларының профессорлары мен оқытушылары Technische Hochschule Georg Agricola студенттеріне дәріс оқыды.

«Жазғы мектеп» практикалық сабақтарды да қамтыды. Неміс студенттері үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Күзембаев атындағы, Костенко атындағы және Ленин атындағы көмір өндіретін шахталарына, сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Нұрқазған» мыс кенішіне экскурсиялық сапарлар ұйымдастырылды. Бұған оларға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры С.А.Огай және «Нұрқазған» кенішінің директоры М.Ж.Унгитбаев жәрдемдесті.

Technische Hochschule Georg Agricola профессоры Фрэнк Отто мен PhD докторы Алекс Рудек өз кезегінде «Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына дәріс оқыды, «Жазғы мектепке» барған докторанттар мен магистранттарға барлық шахталар жабылған кезде Германиядағы тау-кен ісінің Post Mining бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы туралы айтты.

«Жазғы мектептің» ажырамас бөлігі болып табылатын мәдени бағдарлама аясында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, ұлттық аспаптарда ойнаумен, сондай-ақ, әрине, ұлттық тағамдармен таныстырылды. «Қазақ тілі мен мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі К.С.Қалыбекова бастаған кафедра оқытушылары осы миссияны өз мойнына алды.

Сондай-ақ, қонақтар сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштерді, Әнет баба мешітін, барлық халықтардың Фатима Анасы Әулие Бикеш Мария Кафедралдық соборына, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркін және Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады.

Кафедраның үздік студенті Жұмажан Гүлім бастаған еріктілер тобы шетелдік студенттерді кеншілер астанасының көрікті жерлерімен және ойын сауық орталықтарымен таныстырды.

«Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру» кафедрасы алғаш рет ұйымдастырған халықаралық іс-шара жоғары деңгейде өтті және студенттер мен ПОҚ-ның сыртқы академиялық ұтқырлығын, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын одан әрі дамытуда жалғасады.

Без рубрики