2025 жылғы 15-24 қаңтар аралығында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің педагогикалық мониторинг бөлімі 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан нәтижелері бойынша Google платформасында университеттің барлық факультеттерінің білім алушылары арасында «Таза сессия» онлайн- сауалнамасын өткізді. Сауалнамадан 2653 білім алушы өтті, оның ішінде 2528 1-5 курс студенттері, 80 магистрант және 45 докторант. Дегенмен, бітіруші курстар бұл сауалнамаға аса қызығушылық танытпады, ал бірінші курс студенттері белсенді респонденттер қатарында болды.
Білімалушыларға «емтиханғадайындалукезіндебарлығы қанағаттанарлық па», «жеткіліктіжақсыдайындала алды ма», «емтихантапсырукезіндеқандайқиындықтарғатап болды», «емтихандағыбілімдібағалау түрін объективті деп санай ма», сондай-ақ «емтихансұрақтарынажауап беруге жеткіліктіуақытбөліндіме» соныкөрсетуұсынылды.
Сауалнамаға қатысқан білім алушылардың үлгерім деңгейі жалпы жақсы, ал сабақтан «қарызы» барлар 11%-ды (291 адам) құрады. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 92%-ы (2441 адам) емтихан бағаларын объективті, әрі шынайы деп санайды. Респонденттердің көпшілігі студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысының (МОӨЖ, ДОӨЖ) пайдасы көп десе, ал кейбіреуі, бұл сабақтар толық ақпарат бермейді деп санайды.
Емтихандарда білімді бағалаудың объективтілігі бойынша бірінші кезекте білім алушылар тестілеуді (56%), содан кейін тиісінше жазбаша (34%) және ауызша (8%) емтихан түрлерін көрсетті. Бұл шынайы бағалауға мүмкіндік береді деп санайды.
Бұл аталған нәтижелер білім алушылардың көпшілігінің қысқы емтихан сессиясының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қанағаттанғандықтарын көрсетеді. Ал келешекте, білім алушыларға оқу жоспарының жекелеген пәндерін оқыту сапасы бойынша онлайн-сауалнама жүргізілетін болады.