Таза метан өндіру газды бір жарым есе арзандатады


Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, профессор Николай Дрижд осындай ой айтты. Оның айтуынша Қарағанды көмір бассейіндеріндегі метан деңгейі өте жоғары. Профессор қауіпсіздік және экология мәселелерін газсыздандыру шеше алатыны баса айтты. Бұрын мұндай әдіс жиі қолданылған. Қарағндылық мамандар оның бастаушылары болған.

Николай Дрижд Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, профессор: — бұл мәселемен 60 жыл бұрын көміршілер айналысқан. Бірақ әр түрлі жағдайлар салдарынан бұл әрекет жабылды. Профессордың айтуы бойынша әр қыртыста 20-30 кубметрға дейін метан бар. Газ көмір өндіруге кедергі келтіреді. Сондықтан мемлекет жайлап газсыздандыруға көшуде.

Николай Дрижд Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі, профессор: — Алғашқы жақсы нәтиже осы жылы алынды. 4 тәжірибелік- өнеркәсіптік және бірнеше барлау құбырларын бұрғылау үшін қаржы бөлінді. Олар зерттелді және игерілуге берілді.


Источник: http://24.kz/ru/news/pokupaj-kazakhstanskoe/item/92506-dobycha-chistogo-metana-pozvolit-udeshevit-gaz-v-poltora-raza

Без рубрики