Ташкент мемлекеттік көлік университетіндегі ғылыми тағылымдама


Техника ғылымдарының кандидаты, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессоры м.а. Балабаев О.Т. 2022 жылдың 10-15 мамыр аралығында Ташкент мемлекеттік көлік университетінде (Өзбекстан) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың мақсаты өзбек әріптестерінің магистралды теміржол көлігі саласындағы ғылыми қызметін зерттеу болды. Сондай-ақ, тағылымдамадан өту кезінде О.Т. Балабаев Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен Ташкент мемлекеттік көлік университеті ұйымдастырған «SUSTAINABLE TRANSPORT SYSTEMS FOR SUSTAINABLE ECONOMY» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Без рубрики