«Кәсіпорын экономикасы мен менеджменті» кафедрасы
«Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасы «Кәсіпорын экономикасы», «Кәсіпорын менеджменті» және «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедраларын біріктірудің нәтижесінде құрылды.
2017 жылы «Инженерлік экономика және менеджмент» факультетін қайта құру барысында «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасы «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» болып өзгертілді. 2021 жылы «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасы атауын сақтай отырып, «Инженерлік кәсіпкерлік және маркетинг» кафедрасымен біріктірілді.
«Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының құрылу тарихы Орталық Қазақстан өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты. 1961 жылы «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы құрылды, ол алғашқы техникалық бейіндегі экономистерді даярлай бастады.
КСРО Министрлер Кеңесінің Экономикалық реформа жүргізу туралы Қаулысы негізінде және Қазақстан мен Орта Азия республикаларының өнеркәсібін инженер – экономистермен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес 1965 жылы Қарағанды политехникалық институтында алғаш рет «Экономика және өнеркәсіпті ұйымдастыру»мамандығына талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылды. Сондықтан 1961 жылы ұйымдастырылған «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы 1969 жылы «Тау — кен өнеркәсібінің экономикасы және ұйымдастырылуы» деген нақты атауға ие болды және «Тау-кен инженері-экономист»біліктілігі бойынша мамандарды дайындады. Құрылыс және машина жасау үшін білікті экономистердің қажеттілігіне байланысты 1965 жылы «Экономика және құрылысты ұйымдастыру» кафедрасы, ал 1969 жылы «Экономика және машина жасауды ұйымдастыру»кафедрасы құрылды.
«Экономикалық теория» кафедрасы 1962 жылы марксизм-ленинизм кафедрасын бөлу қажеттілігі туындаған кезде құрылды, оның құрамында Қарағанды тау-кен институты (кейіннен ҚПТИ) құрылған сәттен бастап Саяси экономия оқытушылары жұмыс істеді. Кафедраны тәжірибелі жетекші, экономика ғылымдарының кандидаты Р. А. Рахлис басқарды, ол қысқа мерзім ішінде Қарағандыға Алматыдан және Мәскеуден келген экономистердің жас шығармашылық ұжымын құрды: Шуб И. И., Капустин Е. И., Кашиков Ш. К. және т. б.. Кашиков Ш.К. 1965 жылы конкурс жарияланған соң кафедра меңгерушісі болып сайланды.
Әр уақытта кафедралар басқарылып, олардың дамуына үлкен үлес қосқандар: э.ғ.к., доцент Зинченко Г.А., э.ғ.к., доцент Ким Ю.М., э.ғ.к., доцент Е.Р. Рахметуллин, э.ғ.к., доцент Песин Н.Я., э.ғ.д., профессор Ходжаев Р.Ш., э.ғ.к.. Рахлис Л.А., э.ғ.д., профессор Кашиков Ш.К. э.ғ.д., профессор Каренов Р.С., э.ғ.к., доцент Смеляков Г.В., э.ғ.к., доцент Тогайбаев К.Б., э.ғ.к., доцент Жолшорин К.С., т.ғ.к., доцент Юшко В.С., э.ғ.к., доцент Кесарева Э.Г., э.ғ.к., доцент Лепихин В.Ф., э.ғ.к., доцент Имангожин С.И., э.ғ.к., доцент Колесникова Л.И., э.ғ.д.., профессор Ахметжанов Б., э.ғ.д., доцент Стеблякова Л.П., э.ғ.к., доцент Давлетбаева Н.Б., э.ғ.к. Хишауева Ж.Т., э.ғ.к., қауым. профессор Тажибекова К.Б., э.ғ.д., профессор Магрупова З.М.
Қазіргі уақытта КЭжМ кафедрасының меңгеруші аға оқытушы Г.Д. Танекеева болып табылады.