ТАРИХЫ


«ДӘНЕКЕРЛЕУ ЖӘНЕ ҚҰЮ ӨНДІРІСІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

1965 жылы Қарағанды қаласында Қазақ ғылым Акакдемиясының корреспондент мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор Грузинов Владимир Константинович құрған кафедра басында «Зауыттық жабдықтар» кафедрасы деп, ал кейін «Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы және жабдықтары» кафедрасы деген атқа ие болды. Бастапқы жылдары бұл кафедраның оқытушылар және жұмысшылар коллективі 6 адамнан тұраған. Кафедраның алғашқы оқытушылары ретінде Уральск политехникалық институтының түлектері : доц. Петровский В.В., аға оқыт. Осинцева Н.Л. және аға оқыт. Сысоев К.Б. болды.

1968 ж. ректор проф. Сагинов А.С. дәнекерлеу лабораториясын жасауға кафедраға институт қазандығының бұрынғы орнын бөлді. Лабораторияның құрылыс және жабдықтау жұмыстарына кафедраның оқытушылары, студенттері мен жұмыскерлері атсалысты. Кафедра ТСП-66,67,71,72,73,74,75 топтарының студенттерінің лабораторияны салудағы қосқан көп үлестерін атап өтеді. Доғалық пісіру мен газбен кесу бойынша лабораториялық жұмыстарын жүргізу және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жұмыс орындары құрылды. Лабораторияны энергиямен жабдықтау үшін студенттердің, оқытушылардың және ректораттын көмегімен ұзындығы 2.5 км-5а созылатын жоғарывольтты кабельді тізбек өткізілді, өзінің трансформаторлық подстанциясы салынды. Лаборатория қажетті дәнекерлеу жабдықтарымен тұрақты қамтамасыз етіліп отырды. Бұл кезеңде кафедра меңгерушісі ретінде техн. ғыл. канд., доц. В.С.Сидорук ұсынылды. Киев политехникалық институтының түлегі В.С.Сидорук Бокародағы (Индия) металлургиялық комбинатының құрылысында дәнекерлеу жұмыстарының жетекшісі бола тұрып, Индияда үлкен тәжірибелік дайындықтан өткен.

1970 жылы Қарағанды металлургиялық клмбинатының тапсырысы бойынша ернемектерді электрқожды дәнекерлеу бойынша бірінші ғылыми жұмыс жасалынды (ғыл.жет. В.С.Сидорук, жауапты орынд. доц. В.И.Боченин). Бұл технологияны еңгізудің экономиялық тиімділігі бір дәнекерлеу қондырғысы үшін жылына 25 мың рубльді құраған. 1969-1970 ж. ж. кафедра Қарағандының құрылыс ұйымдары үшін темір бетон бұйымдардарда, төсейтін бөлшектерді дәнекерлеу бойынша байланыс – шлак және ванна – шлак дәнекерлеуіндегі екі әдісті зерттеп дайындады. Онда ТСП-65 тобының студенттері Енин В, Давидовский А. белсене ат салысты. Оқытушылар Жезқазған Тау кен металлургиялық комбинаты үшін қалтқы мен конус ұнтақты ірі габаритті төлкелерді қайта қалпына келтіру технологиясын зерттеп шығарды. Бұл жұмыс 1971ж. мамырда ЖТМК ЛМЗ-да табысты енгізілумен аяқталды, онда ТСП-66 тобының студент –дипломшылары Бартенев И. мен Факаев Г. Белсене ат салысты. Олардың бағытталған төлкелерінің беріктігі еңгізгенге дейінгі төлкелерінің беріктігінен 3-4 есе артық болды. 1972 жылы олармен бағытталған төлке тұрақтылығы енгізуге дейін 3-4 есе артты. 1972 жылы Новополоцк мұнай комбинаты үшін резервуарларды электрошлакты дәнекерлеу бойынша шаруашылық келісім жүргізілді. (Белоруссия). Кафедра меңгерушісі Сидорук В.С ғылыми жетекшілігімен, монтаж жағдайында дәнекерлеу тігістерінің жоғары сапасын қамтамвсыз ететін оңтайлы технология мен электрошлак әдісі арқылы 8 ден 16мм дейінгі қалыңдықты дәнекерлеу құрылғысы жасалды. Бұл технология бойынша зерттеулер төрт авторлық куәліктермен қорғалды. Бір уақытта электрошлак қалтқысы бойынша іздеу жұмыстары мен зерттеклер жүргізілді. Бұл зерттеулерде ең белсенді ат салысқандар: с.н.с. Давидовский А.Н.,,м.н.с.Бартенев И.А., оқытушы Ахметбеков М.Т., ТСП-67 тобының студенттері Лопачев М, Боженко А.,Куминов А, Падиаров Л. және т.б. Барлығын қосқанда, электрошлак процестері бойынша, КСРО-ның 10 авторлық куәліктері алынса, оның үшеуінде студенттер де ат салысты. 1972 жылы кафедраға СШМУ басшылығы Иранға тапсырыс дайындау үшін технологиялық процессті ұйымдастыру мәселесі бойынша өтінішпен келді. Кафедра ұжымымен (ғыл.жетекші В.С.Сидорук) бас бағанның және тік кенішасты 36 және 49 м биіктіктегі копрдың дәнекерлеу металл қалыбын дайындаудың технологический процессі зерттеліп шығарылды. Жоба табысты аяқталды да, ұсынылған технологияны енгізудегі экономикалық әсерлік 58.8 мың рубльді құрады. 1972 жылы «Казмеханомонтаж» кәсіпорнына енді автоматикалық дәнекерлеу технологиясы ұсынылып, енгізілді. Жаңа дәнекерлеу технологиясын ендіруде 2,3,4,5 курс студенттері тартылды.

1973ж. 5 курс студенті Шигаев Т.Г. дәнекерлеу тогының модуляция қондырғысын ұсынды, нәтижесінде модулденген дәнекерлеу тогындағы тұрақты токта ғана емес, сонымен қатар айнымалы токта да қондырғылар дайындауға мүмкіндік беретін авторлық куәлік алды. 1982 ж. Е.О. Патон атындағы ИЭС –те канди даттық диссертация қорғағаннан кейін, Т .Г Шигаев шығарушы кафедраға келіп, «Омскэнерго», «Оренбургтрансгаз» және «Актюбсельмаш» тапсырысы бойынша бірқатар қызықты ғылыми зерттеулер жүргізеді де, оның арқасында, дәнекерлеу доғасын моделдейтін қондырғымен жарақтандырылған, жаңа қорек көзінің дәнекерлеу технологиясы енгізіледі. Бір модуляторды енгізудегі экономикалық әсерлік 1.2мың. руб/жыл құрады.

1974 ж. Н. Э. Бауман ат. МЖТУ-де (Мәскеу қ.) кандидаттық диссертациясын табысты қорғағаннан кейін кафедра меңгерушісі болып жігерлі тәжірибеші, инженер-зерттеуші, педагог, методист, дәнекерші, Горьков политехникалық институтының түлегі – В.А. Данилов тағайындалды. В.А.Данилов ғылыми тұрғыдан кафедрада жаңа бағытты басқарды – ол энергетикадағы тозған бұйымдарды қалпына келтіру. 1975 ж. «Центркаэнергоремонт» өн-нің сұрауы бойынша балғалы көмірұсатқыш диірмендер үшін ұрғыштардың автоматты қаттықортпалы балқымаларының технологиясы мен құрал-жабдықтарын өндіру бойынша ғылыми жұмыстар өткізілді. Нәтижесінде жасалған сызбалар бойынша екіпозициялы балқытып қатастыру қондырғысы дайындалды. Бұл қондырғыны еңгізу нәтижесінде балқытып қаптастыру жұмыстарының режимі екі есеге өсті, ал экономикалық тиімділігі жылына 52 мың рубльді құрады.

1978 жылдан 1985 жылға дейін кафедра ірімодульді жайжүрісті қырықаяқтардың тістерінің атоматты электрқожды балқытып қаптастыру технологиясын өндіру және зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысты (ғыл. жет. В.А.Данилов). Тіктісті жетекші қырықаяқтарды балқытып қаптастыру үшін сыналы өндіріс қондырғысының сызбалары жасалды. Содан кейін металдағы сызбалар бойынша газ кесетін стендте тозған тістерді жоятын, автоматты электрошлак қалтқысының жаңа тістері мен еріген тістердің сапасын тексеретін сынау стендінен тұратын қондырғылар кешені дайындалып, іске қосылды. Технологиялар мен технологиялық стендтерді енгізу 80 мың руб/жыл сомасындағы (бір қалтқы кешені) экономикалық әсерлік алуға мүмкіндік берді. Еріген тісті доңғалақтар ГРЭС-2 (Топар пос.) шар диірмендерінде сынаулардан сүрінбей өтті. Жұмыстың келесі сатысы қисық тісті және жетекші тісті доңғалақтың қалтқу технологиясын зерттеуге бағытталды. Металда арнайы профильді су салқындатқыш кристаллизатор зерттеліп дайындалды. Зерттеулер оның жұмысқа қабілеттілігі мен сенімділігін көрсетті. Кейінірек металда қалтқы қондырғысы жинақталған, сызбалар дайындалды. Бұл саладағы келесі даму вал – тісті доңғалақтағы, тозған, ірі модульді тістердің қисық тістермен ГОК Рудный қаласының тапсырысы бойынша, қалтқы технологясының жаңа зерттеулері болып табылады. Вал–тісті доңғалақтың габариттері, оның салмағы Карметкобинаттың ТЭЦ-2 – де енгізілген қалтқы қондырғысында зерттеп дайындауды талап етті. Осы зерттеулер нәтижесінде, кафедра үш авторлы куәлік алса, оның біреуі – қалтқы әдісіне берілді. Нәтижесінде оқытушылар мен қызметкерлер металда төрт азгабаритті ацетилен газгенераторлар «суға карбид» жүйесін (ғыл.жет.доц. Боченин В.И.) зерттеп, дайындады.

1977 жылы кафедра болашақ Е.О.Патон атындағы ИЭС аспиранты, 500-ші инженер-механик В.М. Бродниковті (ТСП-72-1 тобы) шығарды, ол 1985 ж. ферромагнит бұйымдардың аз қолжетімді дәнекерлеу қосылыстарындағы ақауларды шығаруды елеулі жеңілдететін, магнитті бақылау әдісін жасайды. Бұл жұмыстың ғылыми бағыты төрт авторлы куәліктермен қорғалды. Бақылау әдісі Қазақстанның және Ресей Федерациясының көптеген кәсіпорындарында табысты енгізілді.

Жаңа технологиялар кафедрамен (ғыл.жет. Сысоев К.Б.), Қарағанды жылу желілер кәсіпорындарының тапсырысы бойынша енгізілді, мысалы, бөлшектерді автоматтық газбен кесудегі қондырғы жылу желілер бағдарламасында қолданылады. Кейінірек, осы кәсіпорында кесуші аспаптағы қиын балқытылатын материалдардың электрбайланыс қалтқысы үшін технологиясы мен құрал жабдықтары енгізілді. (ғыл.жет. В.А. Данилов).

1982 ж кафедра меңгерушісі болып техн. ғыл. кандидаты, Орал политехникалық институтының дәнекерлеу кафедрасының түлегі, бұрын Белояр атом электростанциясы құрылыста дәнекерлеу жұмыстарына басшылық еткен Вагнер Ф.А. тағайындалды. Оның ғылыми жұмыстарының тақырыптары монтаж жағдайында, дәнекерлеу доғасының құбыр конструкциясындағы бұрылыссыз түйіндерінің автоматтық дәнекерлеуі болып табылады. «Средазэнергоремонт» тапсырысы бойынша, көміртекті газ ортадағы, технологиялық құбырлардың бұрылыссыз түйіндердің дәнекерленуі үшін азгабаритті автомат дайындалып жасалды.

1986 ж. оқытушылар мен қызметкерлер бір дауыстан, каф.меңгерушісі етіп, техн. ғыл. кандидаты ШигаевТ.Г. сайланды. Ол өзі зерттеген және ҚПТИ жанандағы тәжірибе-эксперментал зауытта дайындалған дәнекерлеу тагының модуляторын енгізуді жалғастырды. Сонымен қатар, модульденген токпен дәнекерлеу үшін азгабаритті дәнекерлеу көзін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Басшысы техн.ғыл. канд., доцент Т.Г.Шигаев.

1990-ж. О және ТСП кафедрасының бірнеше ғылыми зерттеулерінің енгізілуі жүргізілді. Бұл Карметкомбинатта, Центрказэнергоремонтта және т.б. кәсіпорындарда дәнекерлеу модуляторларының енгізілуі, Карметкомбинатта плазмалық қалтқының енгізілуі, КЗМК –да дәнекерлеу электродтарын дайындау технологиясы бойынша зерттеулерді енгізу, «Сельхозтехника» (Киевка п., Қарағанды обл.) кәсіпорнындағы иінді біліктің плазмалық шаңдану технологиясы мен құрал–жабдықтарын енгізу. Бұл зерттеулердің енгізілуі оқытушы жалақысына төмен үстеме ақша алуға және қиын 1994–-1999 ж. ЖОО–-да кафедра қызметкерлерін ұстап қалуға мүмкіндік тудырды.

1991ж. желтоқсанда Қарағандыда Қазақстан дәнекерлеушілерінің Бірлестігі құрылды. Оның қарамағында, Қазақстанның барлық аймақтарындағы қол доға дәнекерінің ең таңдаулы дәнекерлеушілердің 3 байқауы өтті. Дәнекерлеушілер бірлестігі және оның басшысы т.ғ.к,. доцент Т.Г. Шигаевтың жетекшілігімен өтетін республикалық ғылыми-техникалық конференциялар, дәнекерлеу бойынша Қазақстан мамандарының қызығушылығы мен белсенді қатысуымен болған.

1993ж. «Центркаэнергоремонт» кәсіпорнының тапсырысы бойынша, кафедра оқытушылары мен қызметкерлерінің арқасында, мақсаты ұйымдастыру құрылымының маңызды жақсаруы, ЦКЭР өндірістік базасында (ғыл.жет. В.А.Данилов) тозған бөлшектер жөндеуінде қолданылатын қалтқы операциясының сапасы мен механизация деңгейін көтеру болып табылатын үлкен ғылыми жұмыс жүргізілді. ЦКЭР–гі бар қалтқы потенциалын анықта және дайындық жұмыстарын жүргізіп, тақырыпты орындаушылар қалтқы аймағының құрал жабдықтарын технологиялық жоспарлауға кірісті. 225 м2 ауданда 13 құрал бірлігі орналастырылған, дәнекерлеудің жұмыс орнына кіретін құралдар -2, қалтқылар-8, газ кесулер -1, мехөңдеу орындары-1 және термоөңдеу-1.. Әр орын бөлшектің типтік құрылым операциясына сай бағдарланған. Қалтқы аймағы технологиялық сұрақтың жедел шешілуі үшін қажетті техникалық және технологиялық құжатнамамен қамтамасыз етілген. Әр қалтқы қондырғысы зерттелген техникалық сызбаға сәйкес, автоматиканың электрсхемаларымен дайындалған, стандарт қорек көзімен, механизмдермен жабдықталған.

1994 ж. кафедрада В.А.Данилов басқаратын, дәнекерлеу және қалтқы бойынша салалық зертхана ашылды.

2000 ж. Жезқазған Қазақмысының тапсырысы бойынша шахталық кеніш жағдайында рельс түйіндердің дәнекерлеу технологиясы бойынша зерттеу жұмыстарын енгізу жүргізілді. Қондырғы жабаланып, 400м шахта тереңдікке түсірілді(ғыл.жет. Т.Г.Шигаев,жауапты атқ.Боченин В.И. ).

2008 ж 2010 ж. дейін «Дәнекерлеу өндірісінің технологиясы және құрал жабдықтар» кафедрасының құрамы «Машинажасау технологиясы» кафедрасының құрамдық бөлімі ретінде жұмыс жасады.

2010ж. бастап жас мамандармен толыққан кафедра құрамы «Машинажасау технологиясы» кафедрасының құрамынан бөлініп,өзіндік құрылымдық бірлікке айналды, «Құю өндірісінің машиналары», қазір «Дәнекерлеу және құю өндірісі» деп аталатын оқу траекториясымен бірікті. Кафедра бүгінгі күні әр түрлі салада инженерлік қабілеттерін көрсететін көптеген талантты мамандарды шығарды. Олардың арасында, Халықаралық ақпараттану Академиясының академигі, т.ғ.к. Маринушкин Б.М., және техника ғылымдарының сегіз кандидаттары – Шигаев Т.Г., Талжанов А.Б., Бартенев И.А., Сагинов Ч.А., Гончарова Р.Д., Сагинов Н.А., Насыров Г.Х., Ким А.В., сонымен қатар ҚР Бейнелеу Академиясының академигі Курицын А.Ф.

Кафедра өз жұмысында Е.О. Патон атындағы электрдәнекерлеу Институтымен, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетімен, Орал Мемлекеттік техникалық университетімен, Ресей дәнекерлеу институтымен, Киев политехникалық институтымен, И.М.Губкин атындағы Ресей Мемлекеттік мұнай және газ университетімен шығармашылық байланыста.

DSC_95571-300x199

Д және ҚӨ кафедрасының коллективі, 2012жыл

P1000888-202x300

Грузинов Владимир Константинович

Қазақстан ҒА Академигі

Т.ғ.д., профессор

1965-1967ж.

P1000891-219x300

Петровский Валентин Васильевич

Доцент

1967-1968ж.

P1000884-215x300

Сидорчук Владимир Степанович

Т.ғ.к., доцент

1968-1974ж.

P1000894-205x300

Данилов Валерий Александрович

Т.ғ.к., доцент

1974-1982ж

-Ф.1-e1331446805377-261x300

Вагнер Филипп Андреевич

Т.ғ.к., доцент

1982-1984ж.

И.Боченин1-e1331446909777-220x300

Боченин Виктор Иванович

Т.ғ.д.., профессор

1984-1986ж

-Т.Г-e1331446973781-230x300 (1)

Шигаев Тимур Героевич

Т.ғ.к., доцент

1986-2004ж.

1211-147x150

Бартенев Игорь Анатольевич

Т.ғ.к., доцент

2004ж. бастап

Без рубрики