2021-2022 оқу жылында қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары аймақтағы 13 мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау бойынша онлайн және офлайн форматта жұмыс жүргізді.
Онлайн форматта екі кезеңдік интернет-олимпиада ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша 8 талапкер жүлделі орындарға ие болды.
Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің білім беру бағдарламалары бойынша 100-ден астам талапкер тіркелді.
Қазіргі таңда абитуриенттер жоғары оқу орнына түсуге құжат тапсыруда.