2017 жылдың 18-ақпанында «Көркем» қыздар клубының ұйымдастыруымен және «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттердің қолдауымен жастардың бойында қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға бір сәт болсын қуаныш, мейірілімділік сезімін ұялату мақсатында «Жетім көрсең жебеп жүр» атты қайырымдылық концертпен «Таңшолпан» жетімдер үйіне барды.
«Таңшолпан» жетімдер үйінің қызметкерлері студенттерді балалардың тұрмыс-тіршілігімен таныстырып, шағын экскурсия жасады. Аталған экскурсиядан кейін студенттер балаларға арнайы дайындап барған әсем әуендерін орындап, қара домбыраның құлағында ойнады. Балаларға түрлі ойындар ойнатып, студенттердің қаржылай көмегімен сыйлықтар табысталды. «Концерттік бағдарлама, шағын сыйлықтар, ең бастысы балалармен қарым-қатынас жасау арқылы аз да болсын балалардың жандарына жылулық, көңілдеріне қуаныш сезімін сыйладық деп ойлаймыз»- дейді «Көркем» қыздар клубының мүшелері.
«Таңшолпан» жетімдер үйінің қолөнер бөлмесі
«Таңшолпан» жетімдер үйінің ас бөлмесі
Қуанышқа толы сәт
Балаларға ойын ойнату барысында
Студенттер мен балалардың
орындауында домбырамен әуезді күй
Балаларға сыйлықтарды табыстау рәсімі
«Таңшолпан» жетімдер үйі, естелік сурет