Таңдауларына өкінбейді


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Кәсіпорындар экономикасы және менеджменті» кафедрасының оқытушылары PhD Кернебаев А. С. және э.ғ.м. Шаймерденова Р. Т. мектеп бітіруші сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шет ауданына барды.

Кездесулер барысында олар түлектерді Әбілқас Сағынов атындағы жетекші техникалық университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстырып, студенттердің оқу және тұру жағдайлары, лайықты атаққа ие болған ЖОО-ның материалдық-техникалық базасы туралы әңгімеледі.

«Өнеркәсіп салаларындағы маркетинг» жаңа білім беру бағдарламасы туралы да айтуды ұмытпады. Сондай-ақ түлектер қойған барлық сұрақтарға жауап берді. Ал оларды жатақханалардың болуы, ҰБТ қабылдау мен өткізу ережелеріне, студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға қатысты мәселелер қызықтырды.

Оқушылардың университет өкілдерімен кездесулеріне қызығушылық танытуы студенттеріміздің арасында Шет ауданынан келген балаларды көреміз деген үміт туғызады. Олар жасаған таңдауларына өкінбейтініне сенімдіміз.

Без рубрики