Конкурстық комиссияның 2024 жылғы 5 қарашадағы №7 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің деканы лауазымына техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Булатбаев Феликс Назымович тағайындалды
Факультеттің жаңа деканын ұжымға Saginov Technical University Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды
Ф.Н. Булатбаевты тағайындалуымен құттықтаймыз және жаңа және жауапты қызметте табыс тілейміз!