Тәуелсіз Қазақстан пойызы


2016 жылдың 3 қарашасы күні, сағат 14.30-да Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясындағы «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясына қатысушылармен кездесуі өтеді.  Қонақтар ҚарМТУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында болып, акт залында «ҚХА – қоғамдық келісімді нығайтудағы басты медиатор» тақырыбында дәріс оқылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы – барлық қазақстандықтар үшін аса маңызды мереке. Қазақстан ширек ғасырда едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Осы уақыт ішінде еліміз Еуразиядағы салиқалы, әлемдік саясатта сөзі жүретін мемлекетке айналды. Халқымыздың бірлігі мен татулығы арқасында заманауи, іргесі берік, қалыпты дамушы мемлекет құра алдық.

Астанадан шыққан ақпараттық-үгіт пойызының алдымен Қарағандыға аялдауы да тамаша бір үндестіктің айғағындай. Қарағанды облысы индустрия орталығы ғана емес, сонымен қатар, ұлтаралық қатынастардың, халықтар достығының үлгісі болған өңір. Қарағанды – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған қала. Тұңғыш Президент оқыған жоғары оқу орны – ҚарМТУ да осында. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» республикалық акциясы – әлеуметтік мақсатты көздеген шара. Делегация құрамында 271 болса, соның 70-тен астамы – жоғары білікті медицина мамандары, олар сапар барысында халыққа консультациялық көмектерін көрсетеді. Акцияға қатысушылар Қарағандыда екі күн аялдайды. Шараның шеңберінде олар білім беру, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету, заң салалары бойынша кездесулер, қабылдаулар өткізеді.

 

 

Без рубрики