Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы қызметкерлерімен кездесу


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде» Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінен құрылған топ іссапармен келіп, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Оқу бағдарламасы, жұмыс барысымен, сондай-ақ, жатақхана жағдайымен танысып, студенттер үшін қарастырылған мүмкіндіктер жайында сұқбаттасып, пікір алмасты. Университет пен «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында меморандум жасалып, алдағы уақытта да бірге жұмыс жасау мақсатында келіссөздер жүргізілді.

Без рубрики