Түрік университетінен келген әріптесіміз Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығында болып қайтты


Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Профессор А.Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік» кафедрасының «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығына Түркиядан келген профессор, PhD, Эскишехир Османғазы университетінің «Азаматтық құрылыс және көлік» кафедрасының меңгерушісі Мұрат Қарақасу келді (h-index: 10). Оны іскерлік ынтымақтастық мақсатында шетелдік жетекші ғалымдарды тарту аясында «Құрылыс материалдары мен технологиялары» кафедрасы шақырды. Сонымен қатар, қонақ «STU-ENGINEERING» ғылыми-техникалық орталығында болып, қызметкерлермен танысып, олармен ғылым саласындағы байланыстыру жұмыстарын талқылады.

Кездесу барысында ҒТО басшысы, Т.Ғ. К. О.Т. Балабаев шетелдік қонаққа іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ орындалған және әрекеттегі шаруашылық шарттары туралы айтып берді. Өнеркәсіптік көлік кафедрасының меңгерушісі, PhD А.Д. Қасымжановамен бірлесіп, ынтымақтастық пен әріптестіктің, атап айтқанда, көлік саласындағы жаңа техника мен технологияларды әзірлеудің одан әрі мүмкіндіктері айқындалды.

Қазақстандық тарап Еуропалық Одақтың зияткерлік меншік ведомствосында бірлескен халықаралық патент алуға 4 өтінім беруді ұсынды. Сонымен қатар, зерттеулер жүргізу, есептеулер мен эксперименттер жүргізу және соның негізінде Q1, Q2 квартильдерінің жоғары рейтингті журналдарында мақалалар жариялау мәселелері талқыланды. Қорытындылай келе, тараптар түрік ғалымының докторанттармен «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының зерттеу жұмыстары бойынша консультативтік қызметі туралы келісімге келді.

Без рубрики