АЛПЫСБАЕВА НАЗЫМ АМАНГАЗИЕВНА Қарағанды техникалық университетінің ПОҚ және қызметкерлердің Кәсіподақ комитетінің төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
Мекен-жайы: Қарағанды, Бейбітшілік бульвары, 56, 4 ғимарат, 204 б.
Қызметтік тел: 8(7212) 56-88-01 (ішкі 1042)
E-mail: nalpysbayeva@mail.ru
Өмірбаяны
1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірді. 1984 жылға дейін АЖЖ зертханасында тағылымгер- зерттеуші, инженер болып қызмет етті. 1984- 1988 жыл аралығында «Пайдалы қазбалар орнын барлау» кафедрасы жанындағы күндізгі аспирантурада білім алды. 1988 жылы тезхника ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Диссертациялық жұмыстың ерекшелігін және қорғағаннан кейінгі жарияланған мақалаларды, «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасындағы (1991 ж-дан) жұмыс тәжірибесін ескереп отырып 2000 жылдың желтоқсанында ЖАК «экономика мамандығы бойынша доцент» атағын берді. 2001 жылдың сәуір айынан ҚарМТУ-да қызмет етеді.
80 астам ғылыми мақалалар мен жұмыстар жариялады, соның ішінде «Қарағанды көмір бассейні» кітабы бөлімінің, мемлекеттік тілдегі «Шахталарды жобалау» оқулығының, төрт ионографияның, бес кәсіпорын, ТКШ экономикасы, жылжымайтын мүлікті басқару негіздері оқулықтарының серіктес авторы болып табылады.
2006 жылы «ТКШ тиімді ұйымдастыру» жобасы бойынша қолданбалы зерттеулер желісінің шеңберінде экономикалық зерттеулер және білім беру консорциумының шәкітақысын иеленді. 1997жылы білім беру саласына сіңірген еңбегі және жетістіктері үшін ҚР БҒМ құрмет грамотасымен; 2003 жылы- «Білім берудің құрметті қызметкері» белгісімен; 2006 жылы- қала әкімінің құрмет грамотасымен; 2009+ жылы- «ҚР ғылым дамуындағы жетістіктері үшін» белгісімен; 2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
«Университеттің үздік оқытушысы 2013» атағының иегері. 2013 жылы ІІІ дәрежелі «Шахтерлік даңқ» құрмет белгісімен марапатталды.
Негізгі ғылыми жұмыстарының ТІЗІМІ