«Кәсіби білім беру жене педагогика» кафедрасы
- Кафедра студенттерінің қайырымдылық акциясын өткізу
- Ш. Уәлихановтың 185 жылдығына арналған дөңгелек үстел есебі
- КП тәрбие жұмысы бойынша есеп, қазан 2020 23.10.2020
- Студенттердің, кафедраның ПОҚ волонтерлік жұмысы бойынша есеп 23.10.2020
- ҚазССР шекаралары бойынша кеңестің 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізу 25.09.2020
- Кафедра студенттерінің волонтерлік жұмысы
- Мастер-класс өткізу
- Кураторлық сағаттарды өткізу
- Кафедра студенттерінің облыстық тарихи-өлкетану мұражайына баруы
- Есеп «Рухани жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Кеңес Одағының Батырлары Ә. Молдағұлова мен М. Мәметованы еске алуға арналған оқпен ату бойынша Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары арасында аймақтық әскери-спорттық жарысқа қатысу туралы»
- Тәрбие жұмысы бойынша есеп
- Тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспары 2020-2021 жж.
- List of curators of educational groups of the Department of 2020-2021 y. g.
КББ ж П кафедрасындағы тәрбие беру жұмысы патриоттық тәрбие беру Моделі негізінде құрылған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Кафедралардың барлық ПОҚ мамандықтардың академиялық топтарының кураторлары болып табылады.
Кафедрадағы тәрбие беру қызметі мына бағыттар бойынша ұйымдастырылған:
— қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
— саяси және құқықтық мәдениетке тәрбиелеу;
— ҚР аумағында тұратын халықтардың тарихи және мәдени дәстүрлерін сақтау және жалғастыру;
— жан-жақты дамыған, білімді және мәдениеті жоғары тұлғаны қалыптастыру, студенттердің шығармашылық, ұйымдастырушылық және басқа таланттары мен қабілеттерін ашу;
— бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтына оң көзқарасты қалыптастыру, ВИЧ-СПИД, нашақорлықтың алдын алу және т.б..
Құқықтық тәрбие беру тәрбиелеу жұмысы бағыттарының негізгі түрлерінің бірі болып табылады және мынадай іс-шаралардың түрлерін енгізеді:
— студенттерді ҚР «Білім туралы» Заңымен, ЖОО Жарғысымен, студенттердің құқықтарымен және міндеттемелерімен, студенттер мен оқытушылардың Ар-намыс кодексімен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру (куратор сағаттары шеңберінде).
— құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (куратор сағаттары шеңберінде), атап айтқанда тақырыптық әңгімелер мен дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді», дебаттарды өткізу және т.б.
— «Қазақстан-2030» стратегиясы мен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде тақырыптық әңгімелер өткізу.
— ақпараттық құқықтық бюллетеньді ай сайын шығару.
Тәрбие беру жұмысының мәселелері кафедра мәжілістерінде қарастырылады. Каф. меңг. Готтинг В.В.., деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абилдинова М.М. апта сайын куратор сағаттарына қатысады, сол сабақтарға қатысу нәтижелері факультет кеңесі мен кафедра мәжілістерінде талқыланады.
Университеттің тәрбие беру жұмысының құрылымы, барлық тиісті құрылымдарды студенттердің өзін-өзі басқаруда біртұтас органы – «Жас Орда» ҚарМТУ студенттерінің кәсіподақ ұйымына біріктіру арқылы қайта құрылды. Студенттер кәсіподағы ұйымы құрылымының негізі студенттер кәсіподақ топтары болып табылады, олар оқу топтарында қалыптасады және факультеттердің кәсіподақ ұйымына бірігеді. Кеңес (жоғары басқару органы) сайлаған Төрағаның басшылығымен бұл ұйым мына бағыттар бойынша: білімнің сапасы, патриоттық тәрбие, әлеуметтік-құқықтық жұмыс, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу, студенттік көркем өнерпаздар үйірмесін басқару, студент жатақханаларының әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу, нашақорлық, темекі тарту, алкоголизм және т.б. алдын алу қызметін жүзеге асырады және үйлестіреді. Осы кәсіподақ ұйымы шеңберінде дебат клубы, Республикалық «Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттік қозғалысы, студенттік театр, «Ақниет» қайырымдылық ұйымы, КВН, «Жасыл ел», студенттік құрылыс отрядтары белсенді жұмыс істейді, оған «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттері белсене қатысады. Кез келген адам үшін дайындап, өткізуге өзі тікелей қатысқан оқиғалар анағұрлым маңызды болып табылатыны белгілі. Сондықтан іс-шараларды ұйымдастыруға студенттер шақырылады, осы арқылы оларда оқиғаға қатыстылығынан ерекше эмоциялық сезім қалыптасады.
Тәрбие беру жұмысы декан бекіткен жеке жоспар бойынша құрылады. Осы жоспарға сәйкес топ кураторлары қызметінің негізгі бағыттары анықталған:
— жоспар құру және куратор жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету;
— кураторлар жұмысын талдау және кураторлар қызметін бақылау;
— студенттердің мәдени-бұқаралық және спорттық өмірлерін ұйымдастыру (ЖІК, студенттік кәсіподақпен бірге);
— атаулы және мейрам күндерін мерекелеу;
— деканатпен бірге студенттердің аттестация нәтижелерін талқылау;
— талдау және ұсыныстармен сессия қорытындысын шығару;
— ҚарМТУ-дың, қаланың, облыстың, республиканың қоғамдық-саяси іс-шараларына қатысуы.
Аға куратор ҚарМТУ тәрбие ісі жөніндегі проректорымен және МФ деканының әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылығымен жұмыс істейді.
КО кафедрасында әрбір топ үшін «куратор папкасы» ашылған, онда осы топтар жөніндегі барлық материалдар сақталады.
Факультет кураторы сабақ үлгерімі мен сабаққа қатысу туралы ай сайын есеп береді.
Студенттерді эстетикалық тәрбиелеуге және мәдени бос уақытына көп көңіл бөлінеді. Студенттер ТКК, көркем өнерпаздар конкурстарына, фестивальдарға, спорт жарыстарына, конференцияларға белсене қатысады, ЖІК үйірме жұмысына қатысады.
Студенттер кураторлармен бірге ҚарМТУ аумағын көркейту жұмыстарына және сенбіліктерге белсене қатысады.
«Жас Орда» кәсіподақ ұйымы шеңберінде «Бастапқы әскери дайындық» мамандығының студенттері белсенді қатысатын, дебат клубы, Республикалық «Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттік қозғалысы, студенттік театр, «Ақниет» қайырымдылық ұйымы, КТК, «Жасыл ел», студенттік құрылыс отрядтары жұмыс істейді.
КО студенттері келесі іс-шараларға белсенді араласты:
– «Студент қатарына қабылдау» салтанатты іс-шара;
Салауатты өмір салтын насихаттауға көп көңіл бөлінеді: куратор топтарында әңгімелер мен семинарлар өткізіледі.
Барлық кураторлар алкоголь және темекі тарту, нашақорлықтың алдын алу және сақтандыру бойынша іс-шаралар өткізеді.
Медицина қызметкерлерін, наркологтар, венерологтар және т.б. қатыстыра отырып, темекі тарту, нашақорлық, ЖИТС алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.