Тұрғын үй жинақ құрылыс Банкі ҚарМТУ-да


16 мамыр күні ҚарМТУ-дың бас корпусының 337 аудиториясында ҚР Президентінің 5 әлеуметтік бастамасы аясында университеттің оқытушы-профессорлар құрамы «Тұрғын үй жинақ құрылыс Банкі»  АҚ және «Нұр Отан» париясының қалалық филиалының  өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – «7-25-20» бағдарламасының  «Әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктері»  бірінші басымдығы негізінде     баспанаға ие болу шарттарын талқылау. Басқосуда «Тұрғын үй жинақ құрылыс Банкі»  АҚ-ның қызметкерлері азаматтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында туындаған сұрақтарға жжауап беріп,  қатысушыларға буклеттер  үлестірді. «Нұрлы жер» бағдарламасының тармақтарын жеке-жеке түсіндіріп,  банкте депозит ашу, несие алу үшін құжат жинау, Қарағанды (Жезқазған, Теміртау) қаласында  салынып жатқан жаңа тұрғын-үй құрылыс объектілері жайлы әңгімеледі.

«7-25-20» бағдарламасының  «Әр отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағыты бойынша банк ұсынып отырған «5-20-15» ипотекалық несиелік бағдарламасын түсіндіріп, оның негізгі шарты әкімшілік органдарда тіркелген тиісті кезек тәртібі,   жаңа  баспана  алу  және салынған депозитке тағайындалатын ұпай екендігін баяндады.   Кездесуде оқытушылар тұрғын-үймен қамтамасыз ету, сатып алу және өзге де осыған қатысты әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті нұсқаулықтарға ие болды.

Без рубрики