«Қазақстан тарихы» кафедрасы
Құрылған күнінен бастап «Қазақстан тарихы» кафедрасы АҚ институтінде тәрбие беру жұмысын атқарып келеді. Білім беруді тәрбие жұмысынан айыруға болмайды. Оны ұлы аль-Фараби былай деген: «адамға әуелі тәрбие қажет: онсыз қабылданған білім адамзатқа зиян әкеледі». ЖОО-да Қазақстан Республикасының алғашқы президентінің тұлғалық қасиеттерін үлгі ете отырып құрылған және тиімді іске асып жатқан студенттерге патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісі пайда болды. Бағдарламаны құрастырған әзірлеушілер қатарына ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтің редакциялығымен кафедра оқытушылары. Жинақта мемлекетті, мәдениетті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көп қырлы қызметінің әр түрлі жақтарын ашатын мақалалар бар. Жас ұрпақтың бойында патриотизм, азаматтылық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбие жұмысын жетілдіруді кафедра және ЖОО маңызды міндеттің қатарына қояды.
Студенттер Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атымен ел экономикасын тұрақтандыру мен жаңартуды, Қазақстан халқы өмірінің сапасы мен стандарттарын жоғарылатуды, саяси жүйені демократияландыруды, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам негіздерін құруды, адамның қоғамдағы құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін жағдай тудыруды, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің сақталуы мен нығайтылуын байланыстырады.
Берілген бағдарлама теориялық, құқықтық негіздемеден және тиімді тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстан тұрады. Патриоттық тәрбие беру бағдарламасын іске асыру барысында студенттер егеменді Қазақстанның әлеуметтік және рухани негіздерін қабылдайды. Ол үшін тәрбие жұмысының әр түрлі түрлері, соның ішінде куратор сағаттары, «дөңгелек үстелдер», баяндамалар мен рефераттар конкурстары, пікірталастар, диспут және т.б. пайдаланылады. Студенттер тәрбиелік шаралар барысында алған ақпараттың олардың тұлғасының дүние танымдық құраушысына айналуы өте маңызды. Сондықтан тәрбиелік шараларды ұйымдастырушылар нысаншылықтан және ұйымдастырылғандықтан аулақ болуға тырысады.