Түлектердің практикалық дағдыларын қалыптастыру


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Жүйе және байланыс технологиясы» кафедрасы оқытушылардың жетекшілігімен студенттердің сүйікті ісімен (электроника, компьютерлік желілерді құру, 3D принтермен жұмыс, радиоспорт және т.б.) тегін айналысуға мүмкіндік береді.

Бұл бағыт студенттерге қолданбалы жұмыстар түрінде дипломдық жобаларды таңдауға көмектеседі және олар электронды құрылғылар мен жүйелерді жобалау, бағдарламалау және конфигурациялау бойынша практикалық дағдыларды дамытады.

Осылайша, дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері бойынша кафедра студенттері дипломдардың келесі тақырыптары бойынша қолданыстағы макеттерді әзірледі: азық-түлік қоймаларындағы автоматты электронды температура реттегішін жобалау (Баранбаева Асыл); Bluetooth технологиясына негізделген басқарылатын шпиондық машинаны әзірлеу (Абжаппарова Ақбота); Bluetooth технологиясы бойынша дыбысты акустикалық ойнату құрылғысын әзірлеу (Қосан Әсел); микроконтроллер негізінде металл заттарды тану құрылғысын жобалау (Медетов Дарын); Arduino тақтасы негізінде Робот шаңсорғышты жобалау (Құсайнов Мақсат); құрылыс үй-жайлары ішіндегі объектілер арасындағы қашықтықты өлшеудің электрондық құрылғысын әзірлеу (Ахан Ақназар);  микроконтроллерден басқарылатын FM радиоқабылдағышын жобалау (Жамелов Жанғұтты); теңгеруші үш осьті роботты әзірлеу (Ясенко Владимир).

Мұндай университет түлектерінің кәсіби болашағы үшін алаңдамауға болады. Олардан өз ісінің жақсы мамандары шығады.

Без рубрики