2015 жылы 4 желтоқсан Қарағанды мемлекеттік тезникалық университетінде «Түлек-2016» жәрмеңкесі өтеді. Ол сағ 11:00-де ҚарМТУ жиын залында Университет өкілдері және жұмыс берушілердің алғы сөзінен басталады.
Салтанатты бөлімнен кейін барлық қатысушылар біздің түлектерге жұмыс беруші ұйымдардың стендтері және презентациялық материалдары қойылған ҚарМТУ-дың 1 оқу ғимаратына барады.
Жәрмеңке барысында дипломшы- студенттер технологиялық, өндірістік және диплом алды тәжірибеден өту бойынша келісімшарт жасаса алады. Жыл сайын өткізілетін «Түлек-2016» жәрмеңкесі студенттер мен ұйым әкімшілігінің арасындағы қызметтестікке, ЖОО түлектерінің қызметке тұруларына мүмкіндік береді.
Университет көптеген ұйымдардың презентациясыен өткізді, кәсіпорындар базасын жаңартты, 350-ден астам шақыру хаттарын жіберді, түлектерге арналған ақпарат орналастырылған www.kstu.kz сайтында жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының виртуалды электрондық жәрмеңкесінің жұмысын ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге 100-ден астам жұмыс беруші кәсіпорындар, соның ішінде «ҚазақМыс» ЖШС, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Майкубен-Вест», «Бейкер Хьюз», «Шлюмберже», «Казпромгеофизика» АҚ, «Қазақалтын» және т.б. үлкен кәсіпорындар қатысады деп күтілуде.
«Түлек-2016» жәрмеңкесін өткізудің көпжылдық тәжірибесі жұмыс берушілерді жастар проблемаларына жұмылдырудың бұл әдісінің тиімділігін көрсетеді.