Төле би – қазақ халқының дана биі


Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды қ., Бейбітшілік б.                                                                                                             Ақпараттық хабарлама

Тел./факс: 56-88-01                                                                                                                                               26.04.2013ж.

E-mail: kargtu@kstu.kz                                                                                                                                       

www.kstu.kz

 

Құрметті редакторлар мен журналистер!

 

2013 жылғы 26-сәуір күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Төле би – қазақтың данагөй абызы» атты аймақтық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Аталмыш конференция жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында, қазақ халқының ұлттық бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда айрықша еңбек етіп, елеулі үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі Әз Төле бидің 350 жылдық мерейтойына арналады.

Конференция мақсаты – жастарға қазақтың ұлы биінің мұрасын насихаттау, отансүйгіштікке баулу, қазақтың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін ояту.  

Бұл конференцияның өткізілуі ҚарМТУ-дың «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстан 2050»Стратегиясын іске асыруға қосқан үлесі болуымен қатар, Университеттің 60 жылдығымен астасып отыр.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс атқарады:

1-секция «Төле бидің шешендік мұрасы»

2-секция «Төле бидің саяси-әлеуметтік көзқарастары».

Конференцияға Ғ.Есім (ҚР Парламент Сенатының депутаты, ҚР ҰҒА академигі), С.Дәуітов (фил.ғыл.док., профессор, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты), Д.С.Раев (филос.ғыл.док.,  профессор,  Абылай хан атындағы ХҚ және әлем тілдері университеті), С.М.Сыздықов

(тарих ғыл. док., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), М.А.Алпысбес (тарих ғыл.док., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), А.С.Сүгірәлиев (Төле бидің ұрпағы), Ж.У.Ізбасаров (Төле бидің ұрпағы, «Төле би» қоры президенті), М.Ә.Амангельдиев (Төле бидің ұрпағы, жазушы) сынды Қазақстанның қоғамдық ғылым саласында танымал ғалымдар мен белгілі саясаткерлер, оқытушылар, магистранттар және орта білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысады.

 

Қонференция туралы қосымша мәліметті мына мекенжай бойынша алуға болады:

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қарағанды қ., Бейбітшілік б.

Тел.: 56-59-32 (1123)

E-mail: kargtu@kstu.kz

www.kstu.kz

 

 

 

Без рубрики