- Ашық сабақтар мен шеберлік-сағаттарының жүйесі (оқу жылы барысында 300-ден астам);
- 53 бөлімше жетекшілері және ақсақалдар кеңесі мүшелерінің студенттер мен магистранттардың оқуға қатысуы, студенттік жатақханадағы ПОҚ кезекшілігін бақылауының нәтижесі, сонымен қатар оқу сабақтары мен кураторлық сағаттардың ашық ғылыми- педагогикалық талдауы бойынша апта сайынғы 6 бұйрық;
- Оқу үдерісінің сапасын арттыру мәселелері бойынша бөлімше жетекшілерінің (декандар, кафедра меңгерушілерінің) апта сайынғы шұғыл жиналыстары;
- «Таза сессия» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша Штаб жұмыс істейді;
- ректор блогінің үздіксіз жұмысы;
- проректорлар, декандар, құрылымдық бөлімше жетекшілері, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, кафедра меңгерушілерінің емтихандарды тексеруі;
- қоғамдық қабылдау бөлімінің, сенім телефондарының үздіксіз жұмысы, оқу ғимараттарының барлығында сенім жәшіктері орнатылған;
- емтихандарды тәуелсіз оқытушылар жазба түрінде қабылдайды;
- кураторлық сағаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оқытушылар мен студенттердің намыс кодексін сақтау мәселелерін қарастыру;
- студенттердің ата-аналарымен белсенді түрде жұмыс істеу;
- семестр сайын «ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлық» тақырыбында әлеуметтік зерттеу өткізу.
Университетте жүзеге асырылып жатқан болуы мүмкін жемқорлық әрекеттеріне қарсы іс-шаралардың тиімділерінің бірі:
- ағымдағы және аралық аттестаттаудың «тазалығын» қамтамасыз ету;
- бақылаудың барлық түрлері бойынша студенттерге шағым жасауға мүмкіндік беру;
- ЖОО-ның білім беру қызметіне, кредиттік білім беру технологиясына толық сай болу, және де ағымдағы, аралық және қорытынды аттестациялауды өткізу.