Сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру


2023 жылғы 27 наурыздан бастап 2023 жылғы 26 сәуірге дейін «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлық қатерлеріне ішкі талдау жүргізеді:

  • университет қызметін реттейтін құқықтық актілерде және ішкі құжаттарда,
  • ұйымдастыру-басқару қызметінде.

Университеттің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар оларда мынадай сыбайлас жемқорлық нормаларының болуына тексерілетін болады:

  1. құқықтық алшақтық;
  2. құқықтық актілер мен ішкі құжаттар ережелерінің қайшылығы;
  3. заңдық-лингвистикалық белгісіздік;
  4. дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі;
  5. лауазымды адамдар міндетінің орнына құқық белгілеу;
  6. адамға тиесілі құқықты іске асыру үшін қойылатын жоғары талаптар;
  7. артық әкімшілік кедергілердің болуы;
  8. функцияларды, міндеттерді, құқықтар мен жауапкершілікті тиісінше айқындамау.

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтиды:

  1. персоналды басқару;
  2. мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. мемлекеттік қызметтер көрсету;
  4. рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  5. бақылау функцияларын іске асыру;
  6. талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Без рубрики